Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Билігі мықты елдің тірегі құтты

Мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамның кез келген саласының дамуы – бірінші кезекте мемлекеттік қызметкердің еңбегіне тікелей байланысты. Дамыған елдердің тәжірибесі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекеттік аппараттың кадрлық мүмкіндігі аса маңызды екендігін көрсетіп отыр.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» стратегиялық құжатында елімізде кәсіби мемлекеттік аппарат құру қажеттігін атап өтті. Аталған жұмысты жалғастыру үшін ең біріншіден барлық мемлекеттік органдарда қызмет істейтін мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктілігін арттыру қажеттігі туралы талаптар басты назарда. Өйткені елеміздің өркендеуі, дамуы, мемлекеттік қызметшілердің отан сүйгіштігіне, білімі мен біліктілігіне байланысты. Сонымен қатар, үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Себебі, мемлекеттің саясатын іске асыратын мемлекеттік қызметкер, ал мемлекеттік қыметтің мәртебесі мен беделі мемлекеттік қызметшілерге тікелей байланысты екені айдан анық.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік қызметке барынша қабілетті, өз қызметін адал да абыройлы атқаратын, жауапты, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында тынбай еңбек ететін азаматтарды тарту көзделген.

Ел егемендігін еселеу жолында әрбір мемлекеттік қызметші тынбай еңбек етсе, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болары сөзсіз.

Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Халыққа жақын болып, кез келген жағдайда «қара қылды қақ жаратын» әділ болулары қажет. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Себебі, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты.

«Біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз. Сонда әкімшілік те, мемлекеттік қызметкерлер де халыққа жақын болады»- деген Елбасының сөздері әрбір мемлекеттік қызметші үшін басты қағидаға айналуы тиіс деп білемін.

Жақсыбек Иманбаев,

Сарысу аудандық қазынашылық басқармасы

КММ басшысы

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close