Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Елге қызмет – басты міндет

Мемлекетіміз өрлеу жолына түсті, экономикалық өсімге қол жеткізді. Еліміздің алдына тағы да асқаралы міндеттер қойылып отыр. Елбасы Жолдауында атап көрсетілгендей, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену жөніндегі мақсат мемлекетімізді бұдан да биік межелерді бағындыруға жетелейді. Бұл орайда, мемлекеттік қызметшілерге үлкен жауапкершілік жүктеледі.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясатты жүзеге асыратындар, оның дамуына қалтқысыз қызмет ететіндер екені белгілі.

Қазақстан Республикасы Констит- уциясының 3-бап, 1-тармағында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп атап көрсетілген. Яғни мемлекеттік құрылымдардың қызметі халықтың игілігіне, азаматтардың сұранысы мен талап-тілектерінің шешім табуына бағытталуы тиіс екендігін білдіреді. Бұл бағытта аудандағы мемлекеттік қызметшілердің халықпен қарым-қатынасын жақсарту мақсатында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес барлық мемлекеттік орган басшылары азаматтардың өтініштеріне сәйкес жеке қабылдаулар тұрақты ұйымдастырылып келеді.

Сонымен қатар аудан және ауылдық округ әкімдері ҚР Президентінің «Орталық атқарушы орган басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес жыл сайын халық алдында есеп беріп, олардың өтініш-тілектерінің орындалуына ықпалын тигізіп келеді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметте заң талаптарымен толық сәйкестікте, кез келген орын мен лауазымда қандай жағдай болмасын халықтың сенімін жоғалтпай жұмыс істеу міндеті тұр. Кейбір жағдайда қызметкерлер тарапынан, талапқа кері әрекеті барып мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін жай орын алып жатады. Яки сыбайлас жемқорлық. Сыбайластық әрекеті халықтың заң мен әділеттілікке, билікке деген сеніміне кері әсерін тигізіп отырғаны белгілі. Елде халықаралық және отандық тәжірибеге сүйеніп, тәрбиелік мәні бар шаралар мен жұмыстар жүргізіліп отыр. Соның бірі – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі. Оңтайлы құрылған жоба арқылы бұл күні нәтижелі жұмыстар атқарылып жатыр. Ол негізгі 3 бағытқа бөлінген. Біріншіден, сыбайлас жемқорлық деңгейін, соның ішінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету. Екіншіден, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қабілетін қалыптастыру. Үшіншіден, азаматтар мен билік арасындағы сенімді нығайту, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Мемлекеттік қызметке біз жұмыс істеу үшін шақырамыз. Себебі халқымыз бізді өзіне жұмыс істеу үшін жалдайды. Сондықтан біз халық қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп шығарып салу – біздің парызымыз. Сонда әкімшілік те, мемлекеттік қызметкерлер де, халыққа жақын болады» деген сөзі әрбір мемлекеттік қызметші үшін басты қағидаға айналуы тиіс.

Т.Абдраев, Жаңаталап ауылдық округінің әкімі

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close