Басты бетЖаңалықтарСпортҚоғам

Сарысу ауданында волейболдан жарыс өтті

25 маусымда сағат 10.00-де Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы №26 БЖСМ-нің спорт кешеніңде волейболдан жарыс өтті.

Волейболдан өткен аудандық ашық біріншілікке ауданымыздан 6 команда қатысты және жоғары денгейде өткізілді. Іс-шарамыздың басты мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, қатысушылардың денсаулығын нығайту, волейбол спорт түрін кеңінен насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру, спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, спортшыларды патриоттыққа, Отан сүйгіштіккке тәрбиелеу.

Жарыстың өтуіне тікелей басшылық жасау және төрешілер алқасын ұйымдастыру Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы және Қала әкімдігі жүргізді.

Волейболдан өткен аудандық ашық біріншілігінің женімпаздарына Жаңатас қаласының әкімі Дүйсенәлі Борсықов Қыдырәліұлы өзінің ыстық лебізін білдірдіп жүлдегерлерді тиісті дәрежедегі диплом, медальдарымен және бағалы силықтармен марапаттап өтті.

Жарыс санитарлық талаптарға сай өткізілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close