Басты бетЖаңалықтарХабарландыруҚоғамӘлеумет

Таразда тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың назарына!

Қала бойынша 01.06.2021 жылға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрғандардың жалпы саны – 20 593 адамды құрайды.

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1,3,4-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй… мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген сәттен бастап тізімдермен белгіленген кезектілік тәртібімен ұсынылады.
Кезекте тұрғанды кезектілік тізімінен алып тастаудың жиі кездесетін жағдайларының бірі кезекте тұрғынның тұрақты тұрғылықты жерінің болмауы болып табылады («тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 73-бабының 1-тармағы 2) тармақшасы, ал Заңның 67-бабында төмендегілер көрсетілген, коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі.
Кезекте тұрған адамның осы елді мекенде уақытша тіркеуі (тіркеуі) болған және ол тұрақты тіркеуге тіркелу (тіркелу) мүмкіндігі болмаған жағдайда, кезекте тұрған адамның тұрғын үйінің болмауы фактісі ескеріледі және оның кезектілігі кезекте тұрған азаматтың елді мекенде уақытша тіркеуге тұрған жағдайда сол елді мекенге тұрақты тіркеуінің уақтысы аяқталғанға дейін тұрақты тіркеуге тұра алмайтындығын ескермейді.Сондай-ақ тұрақты тіркеуде тұрған мекен-жайдың Заңды иесі, тіркеуде тұрған өзге тұлғаның келісімінсіз немесе оған ескертпеусіз өз ынтасының аясында тіркеуден шығарып тастау мүмкіндіктері барлығын ескермейді. Ал тұрғын үй кезегіндегі азаматтың сол елді, мекенде тұрақты тіркеуі болған жағдайда кезегі сақталатындығы заң аясында көзделгендіктен тіркеуден шығып кеткен азаматтарды жергілікті атқарушы орган кезектен шығаруға Заң аясында міндетті болып табылатындығын ескертеміз. Себебі: Заңның 73-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, басқа елді мекенде тұрақты тұратын жері анықталған жағдайда, тұрғын үй комиссиясы заңның жоғарыда көрсетілген тармағына сілтеме жасай отырып, кезекте тұрғанды кезектен шығару туралы шешім қабылдауға мәжбүр екендігін хабарлайды
Неғұрлым ауқымды ақпарат алу үшін Тараз қаласы, «Қарасу «(5) мөлтек аудан, 24″ Д» , мекен-жайы бойынша орналасқан «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» КММ –не жүгіну қажет.
тел.: 8 (7262)540255.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close