Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Сарысу ауданының әкімі қарияларға ерекше құрмет көрсетуде

«Қарты бар елдің-қазынасы бар»… «Ауылыңда қартың болса, жазулы тұрған хатпен тең»… «Көп жасаған қария-ақылы асқан дария»… Шынында да, қазақ үлкенді үлгі тұтып, өсиетін өмірлік ұстанымымен сабақтастырған данагөй халық. Тұтас елі төріне шығарып, төбесіне көтерген қазыналы қариялар Сарысу ауданында да аз емес.

Аудан басшысы қарияларға ізет көрсетуді басты мақсат еткен.Әр саладағы қарияларды арнайы іздеп танысып, ақыл-кеңестеріне құлақ түруді жөн санайды. Міне, осындай үлгі тұтар қарияларымыздың бірі-қаламгер Пернебай Дүйсенбин. Ол-Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, республикалық және Халықаралық «Дарабоз» әдеби сыйлықтарының иегері, Сарысу ауданының Құрметті азаматы.Пернебай ағамыз әдеби дүниелерден бөлек, шежіре жинақтаумен айналысады. Сонымен қатар ол Сарысу ауданының тарихына қатысты да тұшымды туындыларын ұсынып болашақ ұрпаққа мол қазына қалдыруда.

Бүгін Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев Пернебай Дүйсенбиннің шаңырағында болды.Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, ақпарат күніне байланысты құттықтап, шығармашылығына табыс тіледі.Барынша құрмет көрсетіп, ақыл-кеңесіне құлақ түрді.Құрмет громатасы мен сый-сияпат табыс етті.

Өз кезегінде қарымды қаламгер аудан әкіміне әкелік ақ батасын беріп, арнайы келіп танысып, сый-құрмет көрсетіп жатқаны үшін алғысын білдірді.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close