Басты бетЖаңалықтарРуханиятҚоғам

Таразда деструктивті діни ағымдардың алдын алуға бағытталған семинар өтті

Тараз қаласының әкімдігі мен Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 30 маусымы мен 1 шілде күндері деструктивті діни ағымдардың алдын алуға бағытталған қала имамдарына және дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топ мүшелеріне арналған 2 күндік семинар-тренинг өткізілді.

Аталған семинар-тренингке «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры Нүсіпхан Тимур Нүсіпханұлы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі Алшынбаев Қанат Мұқанғалиұлы шақырылды.
Сонымен қатар, іс-шара аясында дінтанушы, теолог мамандармен, мешіт жамағаттарымен, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың дін саласына жауапты қызметкерлерімен және түзету мекемелерінде кездесулер ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close