Басты бетЖаңалықтарКәсіпкерлік және өнеркәсіпҚоғам

Таразда мониторингтік топ күнделікті жұмыс жүргізуде

Тараз қаласы әкімдігі тарапынан құрылған мониторингтік топ қалада орналасқан кәсіпкерлік субъектілеріне рейдтік жұмыстарын күнделікті жүргізуде.

Тараз қаласы бойынша 74 – мейрамхана, 220 – кафе, 75 – супермаркеттер мен сауда орталықтары, 645 – азық түлік дүкендері, 19 – сауда базарлары, 63 – құрылыс дүкендері, 44 – монша бар.
Тараз қаласы әкімінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №65-Ө «Тараз қаласында эпидемиологиялық талаптарды сақтау және шектеу нормаларының бұзылуының алдын алу» бойынша мониторингілеу тобы бекітілген.
Тараз қаласы әкімінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы №128-Ө «Тараз қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында «Үйлестіру орталығы» құрылды.
Мониторингтік топ шектеу шараларын, оның ішінде карантинді сақтау талаптарының бұзылуы анықталған кезде әкімшілік сипаттағы шараларды қолдану бойынша лауазымды адамдардың іс-қимыл алгоритміне сәйкес жұмыс жүргізді.
Инфекцияның алдын алудың тағы да бірден бір жолы ол мониторингтік топтардың жұмысына да тікелей байланысты.
Рейдтік шаралар барысында:
қаңтар айында – 34 хаттама;
ақпан айында – 47 хаттама;
наурыз айында – 54 хаттама;
сәуір айында – 72 хаттама;
мамыр айында – 42 хаттама;.
маусым айында – 40 хаттама.
Тараз қаласы бойынша жеке кәсіпкерлер «Ashyq» бағдарламасына қатысуда кәсіпкерлер үшін қосымшамен жұмыс істеуде QR-кодты алып, бүгінде өтініш берген 341 объект.
Олар: кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану (мейрамхана, дәмхана, асхана), фитнес клубтар, бильярд, компютьерлік клубтары, СПА орталықтары,сулулық салондары т.б.
Бүгінде дәмханаға барған, «Қызыл» түс белгенген ПТР-тесті оң нәтиже шықан 17 адам тіркелінді, «Сары» түс науқас адаммен байланыста болған 50 адам тіркелді, олар үй карантине алынған тұлғар өзін-өзі оқшаулану режимін бұзғандар. Дәмханаға бұл адамдар кірізілмеген. Жергелікті емханаларға хабарлама жіберілді
Сонымен қатар, халық көп шорғырланған саябақтар мен сауда үйлерінде, қоғамдық көліктерге де тексеріс жұмыстары жүргізілуде.
Карантидік режимді бұзу фактілері көбіне тойханалар, компьютер клубтары, плейстейшн ойын орындары, бильярд, түнгі клубтар, дәріханаларда, сондай-ақ сауда орындарында орын алуда.
Ұжымдық іс-шаралар өткізіліп, карантиндік уақыт режимін сақтамағаны үшін анықталған заң бұзушылықтар бойынша – 428 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, 83 323 330 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Оның ішінде осы 2021 жылы 240 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, 41 428 090 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
Карантин тәртібін бірнеше мәрте бұзғандығы үшін 21 материал әкімшілік соттың қарауына жолданды, оның барлығына шешім шығарылды.
Соңғы аптада карантиндік талаптарды сақтамаған «Аулиеата», «Golden Hall» мейрамханаларында ұжымдық іс-шаралар ұйымдастырылса, «Abayas», «Аква life», «Изюм», «Шафран», «Форфас» караоке-кафелерінде қызмет көрсетуші қызметкерлердің маскасыз жүргені анықталық, хаттама толтырылды.
Қазіргі таңда кәсіпкерлер тарапынан өз объектілерін жалға беру үрдісі көптеп орын алуда, яғни бір нысан карантиндік шектеуді бірнеше мәрте бұзуы орын алғанымен объектіге жауапты тұлғалар ауысып кетіп отырады. Сондай-ақ келіп түскен шұғыл хабарламаларда нысан егесі нақты көрсетілмейді, оны анықтау уақыт алып, әкімшілік жауапкершілікке тартуды дер кезінде жүргізуде қиындықтар туғызады.
Сонымен қатар, қаладағы кейбір кәсіпкерлер тарапынан әсіптерін ауыстыру бойынша ұсыныс түсті. Атап айтқанда, Лермонтова көшесінің бойынба орналасқан «Аяулым» мейрамханасы азық-түлік сататын үлкен супермаркетке ауыстырды және 6 шағын ауданының артында орналасқан «Сұлутөр» мейрамханасы кәсібін балабақшаға ауыстырды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close