Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Сенат депутаты Сарысуда

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты А.Нұралиев Сарысу ауданының тыныс-тіршілігімен танысуға ат басын бұрды.

Сарысу ауданының әкімі М. Сұлтанғалиев пен аудандық мәслихатының хатшысы А.Сейналиев Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты А.Нұралиевті аудан шекарасынан қарсы алып, бағдарламаға сәйкес нысандармен, ауданның жағдайымен таныстырды.

Ең бірінші кезекте ауданымыздың орталығы Жаңатас қаласында болып, Күйік – Қарабастау – Қаратау – Жаңатас – Саудакент бағытындағы тас жолдың 127-149-шы шақырымын орта жөндеуден өткізу жұмыстарының барысымен танысты. Сарысу ауданы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 525,4 шақырымды құрайды. Оның ішінде облыстық маңызы бар – 271,8 шақырым (автомобиль жолдарының 165,2 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда немесе 60,8% пайызы), аудандық мәні бар жолдар – 64,87 шқ. (Оның 41 шқ қанағаттанарлық жағдайда – 63 %), Елді мекен шегіндегі – 188,8 шақырымды (Оның 138,24 шқ қанағаттанарлық жағдайда – 73 %) құрайды.

Бүгінгі таңда облыстық маңызы бар «Тараз-Аса-Аққөл-Саудакент» жолының 176 – 186 шқ аралықтарын және «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент» жолының 127-149 шқ аралықтарын орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Республикалық бюджеттен қолдау тауып отырған Шығанақ 2,14 шқ, Жайлаукөл 1,7 шқ ауылдарына кіре беріс жолдардың орта жөндеу жұмыстарына 92,3 млн. тг және Үлкен Көкдала – 0,750 шқ (қаржысы 5345,3 мың теңге), Қамқалы – 1,0 шқ кіре беріс жолдарына орта жөнде жергілікті бюджеттен (жалпы қаржысы 30 502,6 мың теңге) бөлінді. Ішкі көше жолдарына келетін болсақ 2021 жылдың 11 наурыздағы Жаңатас қаласындағы ішкі квартал ішілік жолдарының жол жабындысын орта жөндеу – 36,6 млн. теңге бөлініп, заңда белгіленген тәртіппен келісім-шарт жасалды. Жаңатас қаласындағы жолдардын ағымдау жөндеу жұмыстарына 4,5 млн. теңге, жолдарға жолақтарды сызу (разметки, знаки) 2.5 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілді. 2021 жылға «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында белгіленген спутник және тірек елді мекендердің көшелерін орта жөндеуге 11 жобалық – сметалық құжаттары дайындаған. Жалпы ұзындығы – 9,905 шақырым жол жөндеуден өтетін болады.

Ары қарай, Жаңатас қаласында қайта жаңғыртылып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда пәтер кезегінде 1676 азамат тіркелген, оның ішінде 2 тізім (Жетім балалар) – 5 бала, 3 тізім (көпбалалы аналар) – 246 адам, 4 тізім (аз қамтылған) – 899 адам, 5 тізім (бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi) – 526 адам. 2007-2020 жылдар аралығында Жаңатас қаласында 14 көпқабатты тұрғын үй, 1216 пәтер, жалпы ауданы 60 220,2 м², кезекте тұрған 1216 отбасыға берілген. Бұл жұмыстар 2021 жылы да өз жалғасын тауып, 3 көпқабатты тұрғын үй жалпы ауданы 16211,3 м² қайта жаңғырту құрылысы жүргізілуде. Аталған үйлер 2021 жылы кезекте тұрған отбасыларға пайдалануға берілетін болады.

Ары қарай Сарысу ауданындағы 2020 – 2023 жылдар аралығында іске асырылып жатқан 14 елді мекендерін газдандыру құрылысының басында болды. Сарысу ауданында 25 елді мекен (халық саны – 44 702 адам) бар, оның газдандырылғаны 4 елді мекен «Әбілда, Тоғызкент, Майлыкөл, Досбол ауылдарына газ құбырларын салу мен газдандыру» жобасы бойынша 2020 жылы 4 елді мекен газдандырылған (2469 адам) немесе 16% (адам санына шаққанда 5,9%, жоба құны 4,8 млрд.теңге). Бүгінгі күнге 1 елді мекенге ЖСҚ әзірленуде (Шағалалы а. 47 үй, 365 адам, Жоба құны 98,3 млн., теңге). «14 елді мекендерін газ құбырларын салу мен газдандыру» жобасы бойынша (жоба құны: 7,7 млрд теңге) 2021 жылға 2,2 млрд. теңгеге құрлысы жұмыстары жүруде, аталмыш жоба іске асырылғанда 2023 жылы 14 елді мекен (адам санына шаққанда 90,9 %,) толығымен газдандырылатын болады. Сонымен қатар, ауданымыздағы инвестициялық жоба «Жаңатас жел электростанциясы» ЖШС-де болды. Жалпы жоба бойынша 100 МВт электр энергиясын өндіретін 40 жел турбинасының бүгінгі күнге барлығы орнатылып, іске қосылған.

Сонымен қатар, әкімшілік тұрмыстық кешен құрылысы соғылып аяқталды. Бағдарламадан тыс Сенат депутаты ауылшаруашылығы мақсатындағы егістіктің жағдайын көруді жөн көріп, Түркістан ауылдық округінде болды. Сарысу ауданы бойынша жалпы шөп шабуға бекітілген алқап көлемі 34415 га. Оның ішінде 29370 га шабындық алқап және 5045 га көпжылдық шөптер (жоңышқа). Бүгінгі күні 5045 га көп жылдық шөптесін алқабы толық шабылды, ал табиғи шабындық алқаптың 8020 га орылды. Дайындаған шөп көлемі 44528 тонна. Бұдан бөлек Шу бойына 7100 га табиғи қамыс шөбі, сай салалар мен өзен арналары орылып жатыр.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты А.Нұралиев Сарысу ауданындағы атқарылып жатқан жұмыстарды қорытындылай келе, Сарысу ауданы әкімі Марат Сұлтанғалиевке қолдау білдіріп, оң деген пікірмен Жамбыл ауданына сапарын жалғастырды.

Тақырып бойынша мақалалар

Тексеру

Close
Close
Close