Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жаңатаста тігін шеберханасы ашылды

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық және еліміздің жүрегі, береке-бірлігіміздің тірегі болған Елорда күніне орай, Жаңатас қаласында тігін шеберханасы ашылды.

Осынау қуанышқа толы мереке күні қарсаңында Жаңатас қаласында арнайы киімдер, медициналық киімдер және төсек жабдықтарын дайындайтын тігін цехын ашудағы басты мақсат – әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, ауданымыздың көпбалалы және аз қамтылған отбасыларын жұмысқа орналастыру.

Аталған жобаны жеке кәсіпкер – Ирина Георгиади қолға алып отыр.

Бұл тігін шеберханасында дайындалған өнімдер тек аудан көлемінде шектелмей, Республика бойынша келісімшарт негізінде «Инженерные Сети» ЖШС – Атырау қаласы, «Sitro» ЖШС – Алматы қаласына да жолдануда. Бүгінгі күнге тігін цехы 20 адамға дейін жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, келісімшарт негізіндегі тапсырыстарға байланысты тұрақты және бірқалыпты жұмыс атқаруда.

Ағымдағы жылы жобаны кеңейту жұмыстары жүргізіліп, жаңа нысанға орналасқан. «Слава» маркасы бойынша жұмыс жүргізуде.

Осынау үлкен қуанышты күні, тігін цехының ашылуына алғашқы құттықтау үшін сөз – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары –Мәдиев Алмас Өскенбайұлына және аудан әкімі – Сұлтанғалиев Марат Қырғызәліұлына берілді.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы –Орымбаев Жұмәлі Наргелұлы ақ батасын беріп, салтанатты түрде алқызыл лента қиылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close