Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Сарысу ауданында 165 отбасына азық-түлік таратылды

Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған.

Қайырымдылық – адамгершілік белгісі. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат.

Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осыған орай Мемлекет басшысының қолдауымен, облыс әкімінің бастамасымен аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің ұйытқы болуымен ауданымызда «Қамқорлық» жобасы аясында аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі отбасыларға 165 азық-түлік торабы әзірленіп таратылуда.

Бір отбасына шаққанда азық-түлік көлемі 50 келіні құрайды. Алдағы уақытта да осындай жұмыстар жүзеге асырыла беретін болады. Өз кезегінде көмек алған отбасылар ізгі тілектерін білдіріп, алғыс айтты.

Дариха Үмбетиярова.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close