Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғам

Шу аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті

Шу ауданы Жаңақоғам, Қорағаты, Өндіріс ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы 2021жылдың 04 шілдесі күні Шу аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда Шу ауданы Жаңақоғам, Қорағаты, Өндіріс ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары қаралды.

Жаңақоғам, Қорағаты, Өндіріс ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды ұсыну барысы туралы Шу аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Умралиев баяндама жасады.Ол Жаңақоғам, Қорағаты, Өндіріс ауылдық округтері әкімдігіне 2021 жылдың 26 маусымы мен 4 шілдесі аралығында 9 кандидат ұсынылғандығын хабарлады. Оның 9-ын да саяси партиялар ұсынды. Өзін –өзі ұсыну жолымен ұсыныс болған жоқ. 9 кандидаттың барлығы ер азаматтар.Кандидаттардың орташа жасы-31 жасты құрады.

Үміткерлердің ең жасы -30 жаста, жасы үлкені 48 жаста..Мамандықтары бойынша: 4 –уі инженер, 1-уі жергілікті мемлекеттік басқару маманы, 2-жер кадастрі, 1-заңгер, 1-информатика маманы..Ұсынылған кандидаттың 3-уі коммерциялық құрылымдар қызметкерлері; 6-уы мемлекеттік қызметкерлер.

Бүгінгі күнге Жаңақоғам, Қорағаты, Өндіріс ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды ұсыну үрдісі жүруде, ол 09 шілдеге дейін созылады, себебі сайлау заңнамасына сәйкес кандидаттардың ұсынған құжаттары мемлекеттік органдармен қойылған талаптарға сәйкестігі анықталады..

Отырыс соңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізіліп, комиссия мүшелері БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close