Басты бетЖаңалықтарРуханиятҚоғам
Сарысу ауданының әкімі жазушыны қабылдады

Бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жерлесіміз Бергентай (Байбол) Нұрмаханұлын қабылдады.
Аудан басшысы өңірде руханиятқа қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды айтып, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. – Экономика мен мәдениет – егіз ұғым. Бірі – күн болса, екіншісі – күншуақ. Бұл екеуінсіз ел-жұрт қараңғы қапаста қалғанмен тең. Қаламгерлердің экономика мен мәдениетті құстың қос қанатына теңейтіні де осыдан келіп шығады. Сондықтан өңір экономикасын көтеру, әлеуметтік саланың әлеуетін арттыру, сол игі мақсаттарды жеделдете жүзеге асыру үшін әзірленіп жатқан облыстың стратегиялық жаңа жоспары ең алдымен халықтың тұрмыс-тіршілігімен бірге мәдени-әдеби-рухани жаназығын да қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Аудан әкімімен кездесудегі әңгіменің әлқиссасын Бергентай Нұрмаханұлы бастап, өңірдің өндірісі мен өнеріне қатар ден қойып отырған жас басшыға ағалық қамқорлықпен алғысын жеткізді.
Сонымен қатар “Ақындары әкімдерін іздеген ел бақытсыз, ал әкімдері ақындарын іздеген ел бақытты” деп бастады.Міне, осындай келелі де келісті кездесу соңында Бергентай Нұрмаханұлына аудан әкімінің «Құрмет» громатасын және сый-сияпат тапсырды. Өз кезегінде жазушы Бергентай ағамыз ауданның әлеуметтік-экономикалық жағынан көтеріліп келе жатқанын, тынымсыз тірлікке сырттай тәнті болатынын тілге тиек етті.