Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Тараз қаласында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресу, нашақорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында Тараз қаласында құқықбұзушылықтың алдын алу, қылмыспен және нашақорлық, есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның 2 отырсы өткізіліп, жастар мен жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихаттайтын, белсенділігін арттыратын бірқатар мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, атқарылды.

Атап айтқанда:

Жастар ресурстық орталығының 2021 жылға арналған жылдық жоспарына сәйкес жастар арасында есірткі, уытты заттарды тұтыну және нашақорлықтың алдын алу мақсатында барлығы 3 кездесу, 4 семинар, 3 дискуссиялық алаң,                   1 дөңгелек үстел, 2 байқау, 1 конференция, 6 спорттық жарыс, 1 жастар акциясы, 1 бейнеролик түсіріліп, қамтылғандар саны 975-тен аса жасты құрады.

Сондай-ақ, жасөспірімдер мен жастарға, облыстың оқу орындарында ересектердің өмір сүруі ретінде есірткіні терістеу қалыптастыру мақсатында синтетикалық есірткі құралдарын таратумен айналысатын 30 ғаламтор-сайттары анықталды. («Работа @ ТРЗ, СП Мука КРИС, @SoltanTRZ, OPG88, чат Goods_Speed,GAGARIN_WORK, Оазис Тараз, Галактики Туз, Туз Галактики бот» және т.б.). жергілікті полиция қызметі және «Жасыл ел Тараз», «Тараз жастары» бірлестігінің қатысуымен 350-ден астам граффити жазулары жойылды.

Сонымен қатар, қалалық полиция басқармасымен түнгі уақытта алкоголь өнімдерін зансыз сату (ӘҚБтК-тің 440- бабы) 2021 жыл мамыр айында 639 факт.  (ӘҚБтК-тің 505- бабы) 2021 жыл мамыр айында 781факт. (ӘҚБтК-тің 204- бабы) 2021 жылы 244 факт.  (ӘҚБтК-тің 434 бабы) 2021 жылы  мамыр айында 564 факт анықталған.

Осыған байланысты қалалық полиция басқармасы тарапынан тізімдік есепке қойылған адамдармен жеке профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі, оның ішінде:

– тұрғылықты жері бойынша тексеру және көршілерден сұрау;

– апта сайын алдын алу әңгімелерін өткізу яғни әр аумақта яғни Тараз қаласы ПБ, 1-ПБ 2-ПБ өз учаскелік  инспекторлары аумақтарында  жиындар жүргізілуде.

Гүлшат Айтбаева, Тараз қаласы әкімдігінің құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close