Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғам
Комиссия отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 3-ші шілдесінде аудан әкімі Н.Календеровтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Аталған Комиссия отырысына аудандық комиссия мүшелері және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Қуанышбайұлы Төлебаев ZOOM платформасы арқылы қатысты.
Комиссия отырысында Күн тәртібіндегі 3 мәселе қаралды.
1) Халықты жұмыспен қамту орталығында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуы бойынша атқарылған жұмыстар;
2) Шу ауданындағы санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы атқарылған жұмыстары туралы;
3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары туралы.