Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Маңызды жиын

Жуырда Сарысу ауданында лотерея атын жамылып, құмар ойындарын және облыс аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырылуын, лотерея терминалдарының адамдар көп жиналатын жерлерде орналасу орындарын болдырмау мақсатында, профилактикалық іс-шараларын өткізу және түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша жиын өтті.

Жиынға Жамбыл облысы бойынша ЭТТД Жедел басқармасының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Темірбеков Данияр Талғатұлы төрағалық етті.Жиынға қатысқандар: Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Кузекбаева Айя Амангелдіқызы, Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы Советов Нұрсұлтан Сәулетұлы, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Жұмағұл Жадыра Ертайқызы және Жастар ресурстық орталығының жастар істер жөніндегі инспектор Балғабай Бауыржан Берікбекұлы. Қосымша шақырылғандар: Сарысу ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Ерубаев Жалғас Пишпекұлы және учаскелік полиция инспекторлары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмаділдаев Жанат. Аудандық коғамдық кеңестің төрағасы Даулетбаев Жақсыбек Скакұлы, Бұқаралық ақпарат өкілдері.Күн тәртібінде ЭТТД-нің қызметкерлерінің қатысуымен, лотерея атын жамылып, құмар ойындарын және облыс аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырылуын, лотерея терминалдарының адамдар көп жиналатын жерлерде орналасу орындарын болдырмау мақсатында, профилактикалық іс-шараларын өткізу және түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша сөз Темірбеков Данияр Талғатұлына берілді. 2016 жылдың 9 сәуір айында «Лотерея және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабына сәйкес, Лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаның лотерея өткізуіне, сондай-ақ Заңда көзделмеген басқа лотереяларды өткізуіне тыйым салынады. Лотерея атын жамылып, құмар ойындарын және (немесе) бас тігуді жүргізуге жол берілмейтіндігін хабарлады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close