Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен 2021 жылғы 6 айында атқарған жұмысы

          Тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін алуға арнайы кезекте 2005 – 2020 жылдар аралығында 73637 азамат тіркелген.  Кезекте тұрған азаматтардың өтініштерін қанағаттандыру мақсатында Жамбыл және Байзақ аудандарының есебінен алынған жер телімдерін мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстары өз жалғасын табуда.

Тараз қаласы, «Құмшағал-Шалғай Қарасу» 369 га аумағындағы тұрғын алқабын орналастыру мақсатында 8 шаруа қожалығын жүргізу үшін арналған жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару үшін Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы және 2020 жылғы  13 ақпандағы «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №99 және №421 қаулылары қабылданған. Бүгінгі таңда аталған аумақтағы барлық шаруа қожалығы үшін арналған жер телімдері толығымен мемлекет меншігіне қайтарылды.

«Құмшағал-Шалғай Қарасу» алқабындағы жалпы ауданы 369 га жер учаскесін инженерлік инфрақұрылым жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін жеке тұрғын үйдің құрылысын салу үшін 1579 жер телімі берілу жоспарлануда.

Жеке тұрғын құрылысын салу үшін жер теліміне кезекке тұрған азаматтардың өтінішітерін қанағаттандыру мақсатында Асқаров көшесінің аяғында 312,0 га жер теліміне шаруа қожалықтарынан мемлекеттік қажеттілікке алу жұмыстарын жүргізу. Қазіргі таңда, 36 шаруа қожалықтарының жер телімдеріне 69,4450 га бағалау құны 62 595 590 теңге құрап отыр. Осы аталаған қаражатқа сәйкес, жер телімдерін мемлекет мұқтажына қайтару көзделіп отыр.

Қазіргі таңда, 2 жер телімі қайтарылды. Сонымен қатар, 4 жер телімдерінің иесі мемлекет тарапынан ұсынылған бағаға келісімдерін беріп, алдағы уақытта қаражаттары аударылады.

Қалған шаруа қожалықтардың иелері ұсынылған соммаға және мемлекет меншігіне қайтаруға қарсылық білдіруіне байланысты, сотқа талап арыздар беріліп, сот процестері жүргізілуде.

Аталған алқапта мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстары аяқталып және инженерлік инфрақұрылым жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін жеке тұрғын үйдің құрылысын салу үшін 1125 жер телімін берілуі жоспарланған.

Тараз қаласының Бас жоспарын орындау мақсатында,  Тараз қаласы, Байзақ батыр және Адамбаев көшесінен қиылысынан бастап, Қылышбай ақын көшесіне дейінгі аралықтағы  жеке меншік құқығындағы жер учаскелерінің және өзге де жылжымайтын мүліктерінің орнына орта, көпқабатты тұрғын үйлер қарастырылуына байланысты, аталған аумақтағы 123 жеке меншік құқығындағы жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүліктерін мемлекет меншігіне қайтару үшін Тараз қаласы  әкімдігінің 2021 жылғы 1 наурыздағы «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №823 қаулысы қабылданған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік туралы Заңының  67 бабының 3 тармағына сәйкес, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын бағалаушы осы Заңның                        208-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып, бағалау жүргізу күніне айқындайды.

Бағалау нәтижелерінің қорытындыларына сәйкес, көлемі 6,10 га 109 жер учаскелері және өзге де жылжымайтын мүліктер 3 151 301 476 теңге бағаланды.

Заңының 65 бабының 10 тармағына сәйкес, меншік иелері жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасын алған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде жергілікті атқарушы органға тиісті өтініш беру арқылы шарт жобасымен келісетіндігі (келіспейтіндігі) туралы жазбаша түрде білдіруі қажет.

Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару заң аясында сот арқылы қаралады.

Бүгінгі таңда, 109 жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүліктерін мемлекет мұқтажына қайтару үшін 3 151 301 476 теңге қажет етіледі.

          Сонымен қатар, Тараз қаласы әкімінің 2021 жылғы 21 наурыздағы Тараз қаласы әкімінің Тараз қаласы аумағына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша № 1 хаттамасының 2.1 тармағын орындау мақсатында, Ташкент көшесі, №1 А, №3 және № 3 А жайдағы ескі базар орындағы жер телімдері зерделеніп, аталған жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару үшін Тараз қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі №1735 қаулысы қабылданды, меншік иелеріне ескерту хаттар тапсырыстық пошта арқылы жіберілді. Қазіргі таңда, меншік иелерімен келіссөздер жүргізілуде.

Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы 7 қыркүйектегі  №150  хаттамалық тапсырмасының 3-тармағын және Тараз қаласы әкімініңТараз қаласы әкімінің 2021 жылғы 20 мамырдағы Тараз қаласы әкімінің қаладағы нысандарға жұмыс сапарының қорытындысының № 13 хаттамасының тармақтарын орындау мақсатында, 2021 жылғы 26 мамыр – 1 маусым аралығында қала әкімдігі тарапынан мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе қаладағы каналдардың қорғау аумағында орналасқан 15 кәсіпкерлік  нысандарының заңдылығына зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Кәсіпкерлік нысандарының 1-уі «Сеңкібай», 2-уі «Түйте», 2-уі «Қарасу», 3-уі «Қапал» және 7-уі «Үшбұлақ» каналдарының бойында орналасқан.

Зерделеу барысында 6 кәсіпкерлік нысандарының заңсыз орналасқаны анықталса, қалған 9 нысан бойынша заңбұзушылықтар анықталмаған.

Жер телімдерін заңсыз пайдаланып отырған тұлғаларға қатысты заңнама талаптарына сәйкес шара қолдану үшін облыс әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасына толық құжаттар топтамасы жинақталуда. Сондай-ақ, заңсыз орналасқан нысандарды бұздыру үшін облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен бірлесе заңдылығына сәйкес жұмыстар атқарылатын болады.

Алдағы уақытта да қаладағы ирригация жүйелерін ретке келтіру жұмыстары жалғасын табатын болады.

Игерілмей жатқан жер учаскелері туралы

2012-2013 жылдары «Көлтоған» шағын ауданынан 2005 жылы кезекте тұрған азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін 3 жылға уақытша өтеулі  пайдалану құқығына  1232  жер учаскесі бөлінген.

Аталған алқапта 2019 жылы түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 81-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, пайдалану мерзімі өткен 127 жер учаскелері  мемлекет меншігіне қайтарылған.

2020 жылдың түгендеу жұмыстардың нәтижелеріне сәйкес, 87 жер учаскелері  мемлекет меншігіне қайтарылған.

2021 жылдың 4 ақпандағы Тараз қаласы әкімдігінің қаулысымен Тараз қаласы, «Көлтоған» шағын ауданынан жеке тұрғын үй құрылысына 76 жер иеленушілері мен жер пайдаланушыларға уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына берілген жер учаскелерінің жалдау құқықтары тоқталуына, уақытылы игерілмеуіне және құрылыс жұмыстары жүргізілмеуіне байланысты жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Мекеме мамандарымен нысаналы мақсатына сай игерілмей бос жатқан 149 жер учаскелері ішіндегі жүргізілген мониторингке сәйкес, 42 – жер учаскесінің иесі шарт арқылы ауысып кеткен, 43 – жер учаскесіне қатысты заңбұзушылық анықталмаған, 27 – бір жыл мерзімге нұсқама берілген, 6 – жер учаскесіне қатысты кедергілер болуына байланысты тексеру жұмыстары жүргізілмеген, 5 – жер учаскесінің уақытша пайдалану мерзімдері өтуіне байланысты мемлекет меншігіне қайтарылған және 26 жер учаскесінің иелерінің мекен-жайы анықталмаған.

Бұл мәселе бойынша, Бөлім тарапынан Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасына игерілмей бос жатқан жер телімдері бойынша  құжаттары мерзімдеріне сәйкес жолдануда.

Жергілікті бюджетке түскен түсімдер туралы

Жергілікті бюджетке жерді жеке меншікке сату және  жер телімін жалға жер пайдалану құқығын беру –  303101 коды бойынша жылдық жоспар 300,0 млн.теңге, орындалғаны – 233,1 млн.теңге, 303202  коды бойынша жылдық жоспар 98,0 млн.теңге, орындалғаны – 87,0 млн.теңге.

 Қазақстан Республикасының жер Кодексінің 48-бабының 6-тармағына сәйкес, gosreestr.kz порталында электрондық форматта Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электронды түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына сәйкес, 1 аукцион өткізіліп, нәтижесінде жалпы көлемі 0,451 га құрайтын 8 жер учаскесіне жалға пайдалану құқығын беру үшін 303 202 бюджеттік кодына 15,6 млн. теңге қаражат түскен. Алдағы уақытта 5 аукцион өткізу жоспарланған.

Есеп беру кезеңіне жер қатынастары саласы бойынша Тараз қаласы әкімдігінің тарапынан 2309 қаулы қабылданған және 25 жер комиссиясының отырысы өткізілді және барлығы 1783 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды, оң қорытындысы  1277 өтінішке берілді, теріс шешім  504 өтінішке берілген.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері  Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының, Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті дамыту бөлімшесінің, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары және сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлерімен 2021 жылғы 26 мамырында «дөңгелек үстел» өткізілді. «Дөңгелек үстел» барысында – Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы  №301 бұйрығының 4-қосымшасына сәйкес бекітілген   «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы бойынша қызмет көрсету; «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы бойынша көппәтерлі тұрғын үйде орналасқан нысандардың нысаналы мақсатын өзгерту; 2021 жылдың 17-30 мамыр аралығында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтердің көрсету тиімділігі бойынша өткен тексеру нәтижелері бойынша Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары және сәулет және қала құрылысы бөлімінде анықталған кемшіліктер туралы   сұрақтар талқыланды.

2021 жылдың 6 айында көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны 2669  құрады, оның iшiнде 1343 өтініштер  «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы электронды түрде көрсетiлген және 1326 қызмет қағаз түрінде көрсетілген.

Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, мемлекеттiк мекемеде көрнекi ақпараты стендтер орналастырылды (қағидалалар, өтiнiштердiң үлгiлерi және т.б.). Тараз қаласы әкімінің, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің ресми сайтындағы «мемлекеттiк қызметтер» тарауында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет қағидалары, шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты орналастырылды.

Бөлiмде мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатыстырылатын компьютерлiк техникалардың барлығы заманауи талаптарына сай келеді және барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әр маманның электрондық сандық қолтаңбасы бар. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ.

Жыл басынан бастап жер мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардан «Айқын» жүйесіне 3242 өтініш тіркелген, оның ішінде 30591 қаралып, мерзімдеріне сәйкес жауап берілген.

Бөліммен атқарылып жатқан туралы жұмыстарды қосымша «Жер қатынастары бөлімі» FACEBOOK және «taraz_zherbolimi» INSTAGRAM парақшаларынан көре аласыздар.

Б. Бижигитов, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close