Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Тараз қаласы әкімдігі тарапынан құрылған мониторингтік топ рейд жүргізуде

Тараз қаласы әкімдігі тарапынан құрылған мониторингтік топ қалада орналасқан кәсіпкерлік субъектілеріне рейдтік жұмыстарын күнделікті​ жүргізуде.
Ұжымдық іс-шаралар өткізіліп, карантиндік уақыт режимін сақтамағаны үшін анықталған заң бұзушылықтар бойынша – 450 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, 86 036140 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Оның ішінде осы 2021 жылы 262 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, 44 140 900 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
Карантин тәртібін бірнеше мәрте бұзғандығы үшін 21 материал әкімшілік соттың қарауына жолданды, оның барлығына шешім шығарылды.​

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close