Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

ҚҰРБАН АЙТ – ҚҰТТЫ МЕРЕКЕ

Құрбан айт – ынтымақ пен бірлік, мейірімділік пен өзара көмек сияқты адами құндылықтарды нығайтатын ең басты мерекелерінің бірі. Елбасының игі бастамасымен елімізде бұл мейрам құрметіне демалыс жарияланған.

Бүгінгі таңда Құрбан айт халықтық мерекеге айналып, еліміздің рухани өміріне жаңа серпіліс әкелді.
Құрбан айттың бірінші күні алғашқы болып, құрбандыққа бір бас ірі қараны аудан әкімі Б.Қазанбасов құрбандыққа шалды. Мереке дәстүрі бойынша, сойылған малдың аз қамтасыз етілген 36 отбасыға таратып берді. Сондай-ақ, азық-түлік себеті таратылды.
Құрбан айт мерекесіне орайластырылған қайырымдылық шаралары барлық елді-мекендерде ұйымдастырылып, аса мұқтаж, көпбалалы отбасылар мен жалғызілікті қарттарға азық-түлік өнімдерінен көмектер көрсетілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close