Басты бетЖаңалықтарКоронавирусКәсіпкерлік және өнеркәсіпҚоғам

Т.Рысқұлов ауданында мониторинтік топ өз жұмысын күшейтті

«Мониторингтік топ» – соңғы бір жыл көлемінде әрбір қазақстандық кәсіпкердің үйреншікті лексиконына тығыз енген сөз тіркесі. Кәсіпорынның тиянақты жұмыстарының көрсеткіші олардың тексеру нәтижелеріне байланысты.

Сонымен, кәсіпкердің санитарлық талаптар мен нормаларды орындайтынын анықтайтын топ – тексеру жұмыстарын өткізуді жалғастыруда.

Жамбыл облысының «қызыл аймаққа» өтуіне және облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына байланысты аудан әкімдігінің мониторингтік тобы өз жұмысын күшейтті.

Бәрімізге белгілі облыстық бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қазіргі таңда ірі көлемді мерекелік іс-шаралар өткізуге тыйым салынып отыр. Аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топтар Құлан және Луговой ауылдарында орналасқан кәсіптік нысандарға, яғни тойханалар мен ресторандарға зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев және аудан әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сақтасын Тастановтың жетекшілігімен құрылған мобильдік топтар ауылдық округ әкімдерімен біріге отырып аудан аумағындағы шектеу шаралары мен санитарлық нормалардың сақталуын бақылау бойынша жұмысын жалғастыруда.

Басты мақсаты – коронавирус инфекциясының одан ары таралуын болдырмау үшін санитарлық-эпидемиялық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету.

Аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандарының санитарлық нормаларды сақтауына мониторинг жүргізу барысында барлық 13 нысан тексеріліп, 1 нысанда алдын-ала анықтау бойынша адамдар жиналмай тұрып, жиын тарқатылды.

Өңірде коронавирустық инфекцияның қайта өршігенін және ахуалдың нашарлағанын хабарлай отырып, аудан тұрғындарынан эпидемияға қарсы талаптарды, кәсіпкерлік субъектілерінен меншік формасына қарамастан, аудан тұрғындары мен қонақтарынан санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік шараларын бұзбауды өтініп сұрайды.

Сондай-ақ, әлеуметтік жауапкершілік танытып, екпе алуға шақырамыз.

Ал еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты тұрғындарды COVID-19-ға қарсы сақтық шараларын сақтау және екпе алуға шақыру мақсатында мониторингтік топ мүшелері алдағы уақытта да түсіндірме жұмыстарын жалғастыратын болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close