Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғамӘлеумет

Т.Рысқұлов ауданында биыл 310 пневмония тіркелген

Т.Рысқұлов ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметі бойынша ауданда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 19 шілде аралығында 273 ауру тіркелген (оның ішінде ауру белгілері бары – 122, ауру белгілері жоқ – 151). Бұл туралы Ақпарақ АА аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

19 шілде күнгі мәліметке сүйенсек, аудан бойынша барлығы 310 пневмония ауруы тіркелген. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 293 адам ауырған, ауырғандар ішінде аурудың таралу жолдары: аурумен қатынаста болған адамдар саны- 63 (21,5 пайыз), отбасылық іс шараға қатысқандар саны-66 (22,5 пайыз), жұқтыру көзі белгісіз-164 ( 56 пайыз). Барлық пневмониямен ауырғандар ішінде 18 жасқа дейін 19 бала ауруы тіркелді, 11 жүкті әйел болды (аурумен тығыз қатынаста болған), зейнеткерлер – 96 (30,9 пайызы), медицина қызметкерлер – 4, білім саласы қызметкерлері – 22, Ішкі істер қызметкері – 2, әскери қызметкер – 4, қалғандары басқа категориядан тіркеліп отыр.

Аудандық аурухананың мәліметіне сүйенсек ауру өсімінің себебі – тұрғындар арасында сақтық шараларын сақтамау, қатерлі топтағы адамдардың отбасылық іс шараларға қатысуы.

Коронавирус жұқпалы ауруының алдын алу және таралмау іс-шараларын ұйымдастыру мақсатында науқастарды топтастырмау үшін аурухана мамандары үйден қызмет көрсету іс-шараларын күшейткен. Аудан тұрғындара барлығы 42506 парақша дайындалып, таратылып берілді.

Ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу үшін 3 санитарлық ақпараттандыру бекеттері (Құлан-2, Луговая-1) жасақталған.

Жедел респираторлы инфекциямен және коронавирусты жұқпалы ауруының симптомсыз түрімен ауырған науқастарды бақылау мақсатында аудан емдеу мекемелерінде 20 шілдеден бастап 12 мобильді топ құрылып, елді мекендерде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 6556 медициналық көмек үйден көрсетілген.

Сонымен қатар, ауруханада 300 төсектік жұқпалы аурулар стационарында бүгінгі күнге 164 науқас ем қабылдауда, оның 4-і реанимация бөлімінде. 1 қаңтар – 19 шілде аралығында 438 ауру емделіп шыққан.

Ауданда пневмония ауруынан қайтыс болған 1 жағдай тіркелді. 2021 жылдың 2 шілдесінен бастап бұрынғы туберкулезге қарсы диспансерге КВИ емдейтін жұқпалы аурулар стационарына көшіріліп, осы мерзімнен бастап ауданаралық стационар ретінде Меркі ауданынан аурулар қабылдана бастаған.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close