Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғам

Т.Рысқұлов ауданында 8 ауылдық округтің әкімі сайланады

Биыл 25 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді.

Осы сайлауда халық 730 елді мекеннің жаңа басшысын таңдамақ.

Оның ішінде Т.Рысқұлов ауданында 8 ауылдық округтің әкімі сайланады. Олар – Қайыңды, Тереңөзек, Өрнек, Ақыртөбе, Абай, Жаңатұрмыс, Қарақыстақ және Қорағаты ауылдық округтері.

Т.Рысқұлов ауданында әр ауылдық округтен 3 кандидаттан, жалпы 24 кандидат өтініш білдірген. Оның 9-ы өзін-өзі ұсыну жолымен, 7 кандидат «Nur Otan» партиясынан ұсынылса, 8 кандидат «Ақ жол» партиясынан ұсынылып отыр.

Бүгінгі таңда әр кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын жасап, күнтізбелік жоспарға сәйкес үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Айта кететіні, Жамбыл облысының «қызыл аймаққа» өтуіне байланысты жексенбі күні өтетін сайлауды барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізу жоспарланып отыр.

92 сайлау комиссия мүшелері толық вакцинадан өткен. Ал дауыс берушілер үшін облыстық Бас санитардың қаулысына сәйкес барлық санитарлық құрал-жабдықтар қарастырылған.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close