Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Ұлттық санақтың алғашқы кезеңі Т.Рысқұлов ауданында сәтті аяқталды

Ұлттық халық санағы биыл «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!» ұранымен ұйымдастырылады.

Санақты екі кезеңмен өткізу жоспарда. Біріншісі – дайындық, екіншісі – негізгі.

Тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар мен құрылыстардың тізімдерін, сондай-ақ, ондағы тұрғындарды нақтылауға дайындық кезеңі 2021 жылдың 1-30 маусым аралығында өтті. Т.Рысқұлов ауданы бойынша Ұлттық халық санағының 1 кезеңінде 12 интервьюер, 2 нұсқаушы-бақылаушы, 4 нұсқаушы, барлығы 18 жұмысшы қамтылған. Және 21 арнайы планшет жеткізілген. Интернеттің сапасы кейбір ауылдарда нашар, кейбір ауылдарда мүлде болмағанына қарамастан барлық интервьюерлер өздеріне жүктелген жұмысты абыроймен атқарып, алғашқы кезеңді сәтті аяқтаған.

Қазіргі таңда Ұлттық санақтың негізгі кезеңіне дайындықта қызу. Аудан бойынша 78 учаскесін картаға түсіріп, 2 кезеңге барлығы 78 интервьюер санақшылар мен 12 нұсқаушы бақылаушыны қамту жоспарланып отыр.

Айта кететіні, 2021 жылғы ұлттық санақ 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close