Басты бетЖаңалықтарСпорт

Т.Рысқұлов ауданының жас балуаны қола жүлдемен оралды

Т.Рысқұлов ауданының жас балуаны Венгрия астанасы Будапештте өткен еркін күрестен Әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

”Спорт саңлақтарының ұстаханасы” атанған киелі Құлан жерінде кіндік қамы тамған даңқты спортшылар өте көп. Алақандай ғана ауданнан шыққан Азия чемпионы, жас балуан Нұрданат Айтанов Әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, ел мерейін аспандантып, жүлделі оралды.

48 келіде белдескен Нұрданат Айтанов еркін күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болып, еліміздің көк туын желбіретті.

Жас чемпионның айтуынша, бұл жеңісін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаған.

«Ат тұяғын тай басар» демекші, бүгінде алдыңғы толқын ағаларының ізін басып келе жатқан жас чемпион додаға дайындап апарған бапкерлеріне, ата-анасы мен барша қолдаушыларға шексіз ризашылығын білдірді.

Аламанда атой салған ауданымыздың мақтанышы, арманы асқақ жас чемпионды күтіп алу сәтінде анасы қуаныштан көзіне жас алса, бапкері Телекеев Асхат, аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлік Шабеев және Құлан ауылының әкімі Еркін Сейтжапаров жеңісімен құттықтап, бұл ауданымыздың ғана емес, күллі қазақ жұртының жеңісі екенін жеткізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close