Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғам

Сайлау жұмыстары қарқынды жалғасуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында биыл ауылдардың, ауыл округтерінің, кенттердің және аудандық маңызға ие қалалардың әкімдерінің сайлауы өтетіні айтылған.

Президент бұл жолғы сайлаудың өзгеше болатынын, яғни, тұрғындар әкімді тікелей және төте дауыс беру арқылы сайлайтынын атап өткен болатын. Сондықтан алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады» деді.

2021жылдың 04 шілдесі күні Шу аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда Жаңақоғам, Қорағаты, Өндіріс ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары қаралған. Аудан бойынша атаулы үш ауылдық округтерінде 4-сайлау учаскелері жұмыс жасап тұр. Ол, атаулы ауылдық округтері әкімдігіне 9 үміткер ұсынылған болатын. Оның 9-ын да саяси партиялар ұсынылып «Ауыл» саяси партиясының 1 үміткері сайланудан бас тартты. Үміткерлердің ең жасы -30 жаста, жасы үлкені 48 жаста.

Бүгінгі күнге Жаңақоғам, Қорағаты, Өндіріс ауылдық округтері бойынша 3 846 сайлаушылар қатысу жоспарланған.

Бүгінгі күні барлық сайлау учаскелері таңғы 7:00ден бастап сайлаушыларға есіктерін айқара ашты.

Бұл, сайлау науқанына 30 адам сенімді өкіл болып тіркелген. 32 адам сайлау комиссия мүшелері болса, оның 29-ы толық вакцинациядан өткен ал, 3-і 1-ші компанентін алып, қосымша ПТР тест өткізген.

Қазіргі таңда сайлау жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close