Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғам

Ауыл тұрғындары өз таңдауын жасады

«Ауылдарды өмір сүруге қолайлы мекенге айналдыруымыз керек» деген Тұңғыш Президент – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ə.Назарбаев.

Сайлау науқаны барысында азаматтарымыз жоғары белсенділік танытып, тұрғындардың мемлекет ісі мен қоғам өміріне етене араласатынын және еліміздің қазіргі дамуы мен келешегіне зор жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті.

Шу аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45 бабына сәйкес Шу аудандық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен Шу ауданының 2021 жылғы 25 шілдесінде сайланған ауылдық округтер әкімдерін тіркеді.

Бұл күнге Жаңақоғам, Қорағаты, Өндіріс ауылдық округтері бойынша 3 846 сайлаушылар қатысу жоспарланған болатын. Өндіріс ауылдық округі әкімін сайлау бойынша: Otan» партиясы ұсынған Карбозов Санат Қиланұлы- 452 дауыс жинаған. Ал, Жаңақоғам ауылдық округі әкімін сайлау бойынша: дауыс беруге қатысқаны 1343 адам болса, «Nur Otan» партиясы ұсынған Рахымбаев Медет Ашімбекұлы – 1085 дауыс жинаған.

Сондай-ақ Қорағаты ауылдық округі әкімін сайлау бойынша: «Nur Otan» партиясы ұсынған Диханбаев Әділ Асқарханұлы -976 дауыс жинаған. Мемлекет басшысының Жолдаудағы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында, Шу ауданында сайлау әділ өткізілді.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындары өз таңдауларын жасап, болашақ ауыл әкімдерінің жұмыстарына сәттілік тіледі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close