Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғамӘлеумет

Жамбыл облысының әкімі Шу ауданына жұмыс сапарымен келді

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Шу ауданына жұмыс сапарымен келді.

Өңір басшысы сапар барысын Ақсу ауылындағы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жомарт Түлек» жобасының жемісі, «Жомарт» жандардың ықпалымен салынған Әшімқұл Тілеужанов атындағы демалыс саябағынан бастады.

Ел игілігі үшін берілген саябаққа тұрғындардың келісімімен, қолдауымен, ауыл халқына танымал, Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде Отан үшін от кешкен Ақсу ауылының перзенті болған ІІ-ІІІ дәрежелі «Даңқ» және «Құрмет белгісі» медальдардың иегері Әшімқұл Тілеужановтың есімі берілген болатын.

Айта кету керек, Шу ауданының «Құрметті азаматы», «Ақсу» шаруа қожалығының басшысы Бақытжан Тілеужанов жалпы құны 47 миллион теңгені құраған саябақ түгелдей қоршап, оған қоса, 600-ге жуық қылқан жапырақты ағаштарының бірнеше түрін отырғызған болатын.

Осы атаулы саябаққа көңілі толған облыс басшысы Бердібек Мәшбекұлы Ақсулықтарға ризашылығын білдіріп, сапарын әрі қарай аудандағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысуға бұрды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close