Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Шу стансасынан Сыр еліне 2 мың бау шөп тиелген 2 вагон жіберілді

Шу стансасынан Сыр еліне 2 мың бау шөп тиелген 2 вагон жіберілді.

Бұл игі іс-шара Шу ауданы әкімдігінің және аудандық фермерлер қауымдастығы мен шаруа қожалықтарының ұйымдастыруымен өткізілді.

Батыстағы қуаңшылық бүкіл елді алаңдатты.

Оның ішінде Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғындары да шама келгенше әрекет етіп, көмегін жолдап жатыр.

Шу ауданы әкімінің міндетін атқарушы Әлихан Балқыбековтың ұйымдастырумен аумақтағы шаруа қожалықтары да игі іске жұмылдырылды. Осы арқылы Шу ауданының жанашыр азаматтары, белсенді тұрғындары ұсынған көмек Қызылорда облысы Сексеуіл ауылына жіберіліп отыр.

«Бүгінгі игі акцияға аудан көлеміндегі Белбасар ауылдық округі 500 бума шөп тиелген жүкмашинасымен, аудандық шаруа қожалықтары,фермерлер қауымдастығы, аудандық мәслихат депутаттары, «Nur Otan» фракциясының мүшелері, ерікті азаматтар, аудан тұрғындары үлес қосты. Шөп жинау үшін аудан бойынша 2 820 шаруа қожалықтары ұйымдастырылып, 2 мың баудан астам шөп жиналды. Ал, аудан бойынша қысқы науқанға дайындықты бастап кеткен шаруалар, бұндай игі шара әлі де жалғасын табады – дейді Шу аудандық фермерлер қауымдастығының төрағасы Мәлік Жұмағұлов.

Шөпті жинауға және артуға ауданның еріктілері, белсенді азаматтары, жас отандықтар және өзге де отаншыл жандар көмек көрсетуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close