Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Рұқсат етілмеген жерлерде жабайы сауда орындары туралы

Қала аумағында заңсыз, белгіленбеген жерлерде сауда орындарының алдын алу және ретке келтіру мақсатында Тараз қаласы әкімінің 2021 жылғы 13  сәуірдегі №28-ө өкімімен жұмысшы тобы құрылған.

  Жұмысшы тобы тұрақты түрде қала аумағындағы белгіленбеген жерлердегі заңсыз сауда орындарына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, жұмыстар жүргізуде.

Зерделеу жұмыстары көрсеткендей қала аумағында заңсыз сауда орындары анықталды, атап айтқанда:

1. Мыңбұлақ» мөлтек ауданындағы («Диана» сауда орталығынан  «Қайқармет» базарына дейінгі аралық);

2. Сейфуллин көшесінің бойы, «Сейфуллин» және «Лермонтов» аялдамаларының аумағы;

3. Салтанат мөлтек ауданы, «Салтанат» сауда орталығы аумағындағы тротуар бойы.

  4. Мыңбұлақ» мөлтек ауданындағы («Диана» сауда орталығынан  «Қайқармет» базарына дейінгі аралық) заңсыз сауда жасайтын сатушыларға жергілікті полиция тарапынан 20 айыппұл және 15 ескерту жасалды.

Сонымен қатар, қала әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімімен бірлес отырып, қаладағы заңсыз 41 сауда павильондары алынып тасталып, осы бағытта жұмыстар жалғасуда.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік процесстікКодекске» сәйкес тұрғындар мен кәсіпкерлерден түскен өтініштер мен хаттар негізінде қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімімен сұратылған орындар зерделеніп, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне әкімдік отырысында қаулыға қосу үшін ұсынылған.  

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабы            1 тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігінің қаулы жобасымен 3 бағыт бойынша 84 орын қарастырылды. Олар:

1. Ұлттық алкогольсіз сусындар (ағаш табандықта орналасқан киіз үйден) сатуға арналған саудаға -19 орын;

2. Бау-бақша және жеміс жидек, көкөніс өнімдерін сатуға арналған саудаға -19 орын;

3. Құйылмалы балмұздақ, нан өнімдерін, жылдам дайындалатын және жартылай дайын тағам өнімдерін сатуға арналған саудаға -46 орын.

Қаулы жобасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми ортылығынан, Жамбыл облысының «Атамекен» кәсіпкерлік палатасынан, қалалық деңгейдегі қоғамдық кеңестен сараптама қорытындылары алынды.

Электрондық үкімет порталының ашық үкімет парақшасында және қала әкімінің сайтында жарияланды.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне нормативтік құқықтық акті ретінде тіркеуден өту үшін қоғамдық талқылауға ұсынып отырмыз.

Айдын Алтай, Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close