Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда жол жөндеу жұмыстары қарқынды

Қала көшелерінің сыртқы жарықтандыру жүйелерін жаңалау, көше жолдарын ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары туралы

Тараз қаласының аумағында 1388 көше жолдары бар, оның ішінде: 745-і асфальт (53,7%), 643-і шағал жолдар (46,3%). Жолдардың жалпы ұзындығы – 1831,3 шақырымды құрайды, оның ішінде 1092,6 шқ асфальт (59,6%), 738,7 шқ шағал жолдар (40,4%).

           2021 жылы жалпы қала көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына 1 587 319 мың тг. қаралды (26 жоба, 78 көше, бұрылыс, тұйық, ұзындығы-44,4км, шағал жол 12,5 км), оның ішінде қалалық бюджеттен 800 506,0 мың тг. (4 жоба, ұзындығы-8,9 км құрайды), облыстық бюджеттен 786 813,0 мың тг. қаралды (22 жоба, ұзындығы-35,5км, шағал жол 12,5 км).

2021 жылға қалалық бюджеттен қаралған 4 жоба бойынша келесі көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде:

  •   Байзақ батыр көшесі (Ташкент көшесінен Маяковский көшесіне дейін), «Айя Сервис» ЖШС, келісім шарт №57 (11.03,2021 жыл, құны 92 222 699 тг) ұзындығы 1,046км, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары аяқталды.
  • Байзақ батыр көшесі (Гоголь көшесінен Құмшағалдың жол өткеліне дейін),  «Арайстроймаркет 2003» ЖШС, келісім шарт №51 (09.03.2021 жыл, құны 257 465 890,08тг.) ұзындығы 4,45км., қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
  • Б.Момышұлы көшесін (Тәуке хан көшесінен Сейфуллин көшесіне дейін) орташа жөндеу, мердігер «Арайстроймаркет 2003» ЖШС,  келісім шарт №134, 05.05,2021 жыл, құны 384 799 344,16 тг. (жалпы құны404 287 344.16,  2021 жылы 19 488 000,0 тг төленді). Ұзындығы 2,4км. Нысан 2021 жылға өтпелі болғандықтан, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
  • Демисинов көшесін Черняховский және Бульварный көшесінің 5 бұрылысымен бірге, мердігер «АрсикоСтройИнвест» ЖШС, келісім шарт №203 (17.06.2021 жыл, құны 16 978 199,84 тг.) ұзындығы 0,997 км., қазіргі таңда жөндеу жұмыстары аяқталды.

2021 жылға облыстық бюджеттен қаралған 22 жобаға (72 көше, бұрылыс, тұйық, ұзындығы-35,5км) құрылыс-монтаж жұмыстарына (оның ішінде 21 жоба бойынша мердігерлермен келісім-шарт жасалды) және техникалық қадағалаушыларымен келісім шарт жасалуда. Келесі нысандарда жол негіздемесін салу жұмыстары жүргізілді:

  • «Тараз қаласындағы Мельничная және тұйық көшелерін қамти отырып, Жібек жолы көшесіне асфальтбетон жабындысын салу»;
  • «Тараз қаласындағы 3-ші бұрылыс Сұхамбай көшесі жүріс бөлігінен Сұхамбай №86 үйдің (Сұхамбай көшесінің №202-ден №21-ге дейінгі бөлігін қамтитын) соңына дейін асфальтбетон жабындысын салу»;
  • «Тараз қаласындағы Әулие-Ата көшесіне асфальтбетон жабындысын салу»;
  • «Тараз қаласындағы С. Даненұлы көшесіне (Желтоқсан көшесінен Қойгелді көшесіне дейін) Сеченов көшесі учаскесімен бірге, асфальтбетон жабынын салу»;
  • «Тараз қаласындағы Панфилов көшесіне асфальтбетон жабындысын салу»;
  • «Тараз қаласындағы Көшеней 2-бұрылысын және Абай 2-бұрылысымен бірге, Көшеней 5-бұрылысына асфальтбетон жабындысын салу»;
  • «Тараз қаласындағы Қайнар алқабының шағал жолын салу».

        2021 жылы көше жолдарын ағымдағы жөндеуге 130 млн.теңге бөлініп, 13 лот бойынша 25 238 м2 жолдарды ағымды жөндеу және 56 дана құдық қақпақтарын көтеру  (поднятия смотровых колодцев (люков) жұмыстары жоспарда. Қазіргі уақытта «НұрАбдрахман жолдары» ЖШС, «Меркі жолдары» ЖШС келісім-шарт жасалып, жөндеу жұмыстары басталды.

           Одан бөлек «Жігер», «Қайнар» алқабы, Тектұрмас, Самарқанд, Локомотивный, Толстой, Наркескен, Абай даңғылы (Пригород ауылына кіреберіс жол), Целиноград, Қостанай, Ақтөбе, Байтұрсынов, Лұқманов, Аппаев, Д.Бедный, Б.Хмельницкий, Қапал, Пірімқұлов, Сүлейменов, Тынышбаев, Ақылбеков, Мусоргский, Пірманов,  ТЖ вокзалы айналма жолы (Привокзальная көшесі), Төле би, Жамбыл, Абай даңғылдары, Рахимов, Ниетқалиев, Рысбек батыр, Балуан Шолақ, Ташкент, Жібек жолы, Комратова, Әйтиев, Әйтеке би, Қазыбек би, Қонаев, Қойгелді, Мәмбет батыр көшелері және «Ауыл береке» базары аумағына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы бүгінгі күнде ағымды жөндеуден өткен аумақ      11 740 м2.   

            Сонымен қатар жергілікті бюджеттен 20 000,0 мың теңге апатты жағдайларды қалпына келтіру жұмыстарына бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы «TEC-SAPA GARANT» ЖШС-н 16 240,0 мың теңгеге 29.04.2021 жылы  келісім-шарт жасалды.   

           Сонымен қатар, 2021 жылы көктемде жүргізілген зерделеу жұмыстары нәтижесінде анықталған шұңқырларды, түсіп кеткен жерлерді қалпына келтіру үшін Тараз қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне 100,0 млн теңгеге бюджеттік өтінім берілді.

           Жалпы қала бойынша 12479 бағаналар бар; оның ішінде 11252 бағана темірбетонды, 1227  металды бағана орнатылған. Тараз қаласында жалпы 16079 шам бар, оның ішінде 11974 диодты шам, 1987 ЖКУ шам, 2118 декоротивті шам орнатылған. 2020 жылы мемлекеттік –жеке серіктестік бағдармасы арқылы 10274 ЖКУ шамдарды  диодты шамға ауыстырылды, 2022 жылға дейін қалған 1987 ЖКУ шам диодты шамға ауыстырылатын болады деп жоспарлануда.

           Сонымен қатар 2020 жылы Тараз қаласында түнгі жарықпен қамтамасыз етілмеген 205 нысанға жобалық-сметалық құжаттама жасалып, 3 жылдық жоспар құрылып, Тараз қаласы әкімімен келісілді.

           Ағымдағы жылы мемлекттік –жеке серіктестік бағдарлама аясында қосымша 260 көшеге түнгі жарық орналастыруға ақау актілері жасалды. Бүгінгі таңда есептеу жұмыстары жасалуда.

«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын

жай-коммуналдық шаруашылық,

жолаушы көлігі және автомобиль

жолдары бөлімі» КММ басшысы Зият Тұрсынұлы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close