Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Жастар – елдің тірегі

          Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі – жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады.

          Еліміздің ертеңгі болашағы жастардың бүгіннен бастап, қандай тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттің дамуы аса маңызды. Ең әуелі жастар бойында рухани адамгершілік, саяси интелекттік, құқықтық тәрбие басым болғаны жөн. Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейдегі форумдарда белсенді қазақ жастарының басы қосылып, жұртшылық алдында сөз сөйлеген жастарымыз ұлтаралық татулық пен қазақ халқының мәдени және тілдік ерекшеліктерін сақтай отырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып жатқандығы көңіл қуантарлық жағдай.

          Біз ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп отырмыз. Ендігі кезек- жастарда. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілуге әзір. Сол себептен жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге атсалысу – басты парызымыз. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Жастарымыздың бойында елжандылық, азаматтық пен адамгершілік сезімдері жан-жақты жетілгенде ғана патриотымыз парасаты асқақтай түспейме? Халқымыздың бойындағы патриоттық құндылық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырғандығы тарихтан мәлім. Жастарды жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жасампаз үлгісін жаңғырта беру мақсатында жаңа ғасырғы еліміздің интелектуалдық элитасын қалыптастыруға, мемлекетіміздің басты игілігі болып саналатын этносаралық келісімді, татулық пен бірлікті қорғауға шақыруымыз керек.

          Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы алғашқы атқарылуы тиіс мәселе жастар саясатының қалыптасуы, жүзеге асырылуы болып табылады. Бүгінгі таңның ең ұлы мұраты – тәуелсіздік идеясын қалыптастыру болып отырғаны анық. Жас ұрпақтың санасын қалыптастыру мақсатында елімізде жастардың жаңа саясаты жасалып, әлеуметтік белсенділік мәселесіне, республиканың мемлекеттік тәуелсіздігінің нығаюы барысындағы жастардың орны мен рөліне баса назар аударылуда.

Бүгінгі күні Қазақстанның жастар саясатына қажетті
ұйымдастыру-функционалдық институттар құрылды, тиісті заңнамалық актілер қабылданды және осы саладағы даму жолында белгілі бір тәжірибе жинақталды. Мемлекеттік жастар саясатының қалыптасу кезеңі жүйелендірумен және интеграциялаумен, үздік әлемдік тәжірибелермен, сондай-ақ қазақстандық жастарды шоғырландыру үшін жеке қолайлы тетіктерді әзірлеумен сипатталады. Сондай тетіктердің бірі өңіріміздегі «Әулиеата жастары» бағдарламасы.

Бағдарлама бұрын қолданыста болған жастарды қолдау бағдарламаларына қатысты сабақтастық қағидатын сақтай отырып әзірленді.

Осыған байланысты жастарға қатысты сектораралық тиімді өзара                    іс-қимыл жасау мақсатында жергілікті мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының күш-жігерін біріктіру қажет, бұл бірыңғай мемлекеттік саясат және осы саясатқа сәйкес келетін нормативтік құқықтық база мен басқару құрылымы болған кезде ғана мүмкін болады.

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың жастар саясаты саласындағы іс-қимылын шоғырландыратын кешенді мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу және іске асыру объективті түрде негізделген.

Бұл бағдарлама жастардың білім беруде, денсаулық сақтауда, жұмысқа орналасуда және тұрғын үйде әлеуметтік құқықтары мен мемлекеттік кепілдіктерін іске асыруды қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері мен тетіктерін әзірлеу және енгізу, жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашу мүмкіндігін болжайды.

Бағдарлама 14-29 жас аралығындағы жастардың кәсібі, отбасы, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, жұмысқа орналасуы, азаматтық белсенділік белгілері бойынша топтастырылған мүдделері мен мәселелерін, жастар ұйымдарын қозғайтын болады.

Бағдарламаның мақсаты Жамбыл облысының тұрақты даму мүддесінде жастардың бәсекелестік артықшылықтарын арттыру

          Осы орайда, Тараз қаласында «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын» өзінің негізгі бағыты ретінде ұстана отырып, іске асыру мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» комуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы мүдделі жергілікті атқарушы органдармен, мекемелермен, білім ордаларымен бірлесе жастардың бос уақытын тиімді өткізуге, ғылым мен білім, спорт пен шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған ауқымды іс-шаралар ұйымдастырып, қаламызда мемлекеттік жастар саясатын жүйелі жүргізіп келеді.  

          2021 жылдың шілде айына ( І жартыжылдығында) дейін Жастар ресурстық орталығы мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы мүдделі жергілікті атқарушы органдармен, мекемелермен, білім ордаларымен бірлесе 313 іс-шара (74 мәдени іс-шара, 58 рухани, 32 құқықтық, 16 іс-шара сыбайлас жемқорлықтыңтың алдын алу бағытында,  19 психологиялық кеңес, 26 діни, мемлекеттік бағдарламалар бойынша 18 кеңес беру алаңы, 19 әскери-патриоттық, этносаралық келісім бағытында 16 іс-шара, 18 спорттық,                       17 экологиялық сенбілік) ұйымдастырып, оған 10 928 адам қамтылды. Жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылып отырған жүйелі іс-шаралар жалғасын табады.

Қорыта келгенде бүгінгі жастарға айтарым, әрбір жас жүрек өзінің туған   Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.

 «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Абзал Есіркепов.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close