Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Т.Рысқұлов ауданында мобильді топ жұмысы күшейтілді

Аудандағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты коронавирус індетінің таралуының алдын алу бойынша мобильді топ күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев және аудан әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сақтасын Тастановтың жетекшілігімен аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып аудан аумағындағы тойханалар мен демалыс орындарына рейд жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін Құлан ауылындағы “Жекен” кафесінде той ұйымдастырылып жатқаны анықталып, мобильді топ мүшелері тарапынан тиісті шаралар қабылданды.

Құрметті аудан тұрғындары!Жасырын жабық есіктің ар жағындағы той өтіп жатқаны туралы деректерді мына байланыс телефондарына хабарлассаңыздар болады.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі – 8 (707) 569-18-90

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close