Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Латын әліпбиі – өркениет жолы

2021 жылдың 28 қаңтары күні Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның  отырысы өткізілген.

Ұлттық комиссия отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2017 жылы қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 21 қазандағы латын графикасы негізінде қазақ тілі әліпбиін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында әліпбидің 40-тан астам нұсқасы, сондай-ақ қазақ тілінің емле ережелерінің жобалары мен пернетақтадағы әріптердің орналасу тәртібі қаралған.

Жетілдірілген әліпбиде әріп саны – 31, әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған.  Бұләліпбидеқазақтілінің  28 дыбысытолыққамтылған.

Қазіргі ә(ä), ө(ö), ү(ü), ұ(ū) және ғ(ğ), ш(ş) қазақ әріптері диакритикалық таңбалармен берілген. Әліпбиде халықаралық тәжірибеде қолданыста бар умляут (  ̈ ), макрон ( ˉ ), седиль ( ̧), бревис ( ̌ ) диакритикалық таңбалары қолданылған. 
Әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан «бір дыбыс – бір әріп» принципіне толық сәйкес келеді. Жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшу 2023 жылдан бастап 2031 жыл аралығында жоспарланып отыр.
        Комиссия отырысында  Үкімет басшысы латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиін жетілдіру бойынша халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Бөлім тарапынан латын  графикасына негізделген жетілдірілген қазақ әліпбиін насихаттау мақсатында2020 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Тараз қаласы бойынша филиалы, «Каспий банк», №2 қалалық аурухана, «Жусан банк», «Қан орталығы», «Тара қалалық электр жүйесі»,Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Тараз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы»,Тараз қаласы әкімдігіне қарасты бөлім  қызметкерлері арасында «Латын әліпбиі – мәңгілік елдің рухани жаңғыруы» атты семинар және «Латын тілі – жарқын болашақ кепілі», «Ұлы дала болашағына қадам- латын әліпбиі» тақырыптарында кітап көрмелері, «Жаңғыру жазудан басталады» ақпараттық шолу өткізілді және «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» атты тұрақты стенд, жоғары және арнаулы орта оқу орын студенттері арасында «Латын әліпбиі – өркениет жолы» атты диктант ұйымдастырылған.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  бекітілген желілік кестеге сәйкес жыл бойына әр аптаның сенбі күндері қала тұрғындары арасында «Латын әліпбиі-Тәуелсіздіктің жаңа белесі» атты акциясы өткізілуде.

Қала тұрғындары арасында «Тегімізді дұрыс жаза білейік!» атты латын графикасында тегі мен атын дұрыс жазу акциясы  ұйымдастырылуда. (көз, құлақ дағдысын қалыптастыру үшін)

 «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты семинар мемлекеттік қызметкерлер, «NurOtan» партиясының Тараз қалалық филиалы, «Ұлттық банк», «Сбербанк», «Жамбыл-Тараз»  газеті, №1, 2  емхана, балалар ауруханасы   қызметкерлері және мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері арасында  ай сайын өткізіледі.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында қалада орналасқан мекемелердің қызметкерлері, жоғары және арнаулы орта оқу орын оқытушылары, студенттері, мектеп мұғалімдері, оқушылары, балабақша тәрбиешілері арасында «Латын әліпбиі-өркениет жолы» атты қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі жетілдірілген жаңа әліпбиімен бір уақытта жаппай диктант жазу іс-шарасы өткізіледі.

Сонымен қатар «Латынша оқып үйренейік!» атты жетілдірілген жаңа әліпбиінде жылдам әрі сауатты оқудан мемлекеттік қызметшілер арасында байқау өткізіледі.

Қазіргі мемлекетімізге ұлтты ұйыстыра алатын, тың бағыттағы рухани ағым керек. Латынәріпіненгізудіңбастыөзегі де осындажатыр. Сондықтан да жаңаәліпбиелімізүшінқажетті, уақытталабынантуындапотырғанжаңа атрибут, аса маңызды фактор депсанаймыз. Бұлтұрғыда осы іспеттескурстаржаңаәліпбидіүйретудеүлкенсептігінтигізбек. Латынграфикасыарқылытаңбаланғанқазақәліпбиі мен жазуықазақелінбиіктергебастайтынынакәмілсенеміз.

 Бақыт Тоқсанбаева, Тараз қаласы әкімдігінің 

мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close