Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Сарысуда құрылысшыларға құрмет көрсетілді

Ел экономикасының дамуында құрылыстың алар орны ерекше. Бүгінде қай жерде болсын, аталған саланың қарқынды жүріп жатқанын байқайсың. Әсем ғимараттар мен көрікті үйлердің бой көтеруі – ауданымыздың күннен күнге дамып, қанат жайып келе жатқандығының бір көрінісі. Көздің жауын алатын небір нысандар – осы сәулет өнерінің жемісі.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде құрылыс саласын дамытуға, құрылысшылардың қарқынды еңбегін қамтамасыз етуге тұрақты назар аударып келеді. Бұл қазақстандықтардың осы заманғы әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруға бағытталған үлкен міндеттерден туындайды.

Өңірдегі тұрғындардың сұранысы мен тілегі басты бақылаудан түскен емес. Жекелеген тұрғындар да жер учаскелерін алып, тұрғын үйлер тұрғызуға күш салуда. Мұның бәрі ауданда құрылыстың қарқынды жүргізіліп жатқандығын, құрылысшылардың аянбай еңбек ете білетіндігін көрсетеді. Еткен еңбек еленеді. Мереке қарсаңында аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев аудандағы бірқатар құрылыс саласының мамандары мен ардагерлерін қабылдады.Барлық санитарлық сақтықты ұстана отырып;

– Құрылыс саласының қарқынды дамуының тағы бір жарқын дәлелі, Жаңатас қаласы 4 шағын аудандағы №15 жуырда пайдалануға берілетіндігі. Сондай-ақ, 1 шағын аудандағы №41, №47 көпқабатты үйлердің кілтін жыл соңына дейін табыстауды жоспарлап отырмыз. Бүгінде білім, медицина, спорт саласына қатысты бірқатар ғимараттар мен нысандардың қайта жаңғыра басталғандығы. Бұл бағыт бойынша аудандағы оң өзгерістер байқалады. Сол себептен құрылысшыларымызға төл мерекесі қарсаңында ризашылығымызды білдіреміз. Құрметті құрылысшылар! Кәсіби мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, бірлік пен ынтымақ, отбастарыңызға амандық және атқарып жатқан жұмыстарыңыздың жемісті болуын тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!,-деп ерекше құрмет көрсетті.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close