Басты бетЖаңалықтарКәсіпкерлік және өнеркәсіп

Сарысуда кәсіпкерлік дамуда

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып аудандағы шағын және орта бизнестің даму барысы туралы аудан әкімі М. Сұлтанғалиевтың төрағалығымен жиын өтті.

Жиынға тиісті мекеме басшылары, кәсіпкерлік бөлімі, кәсіпкерлер палатасының өкілдері және аудан кәсіпкерлері қатысты.Жиында аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Б. Шалабаевтың шағын және орта бизнесті дамыту және аудандағы кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысы туралы баяндамасы тыңдалды.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 3 460 шағын және орта бизнес субъектілері тіркеліп, оның ішіндегі белсенділердің саны 2 794 бірлікке жетті.Жұмыс жасап тұрғандардың саны былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,0% артқан.2021 жылдың 1-ші тоқсаны қорытындысымен аудандағы шағын және орта бизнес субъектілерінде 3 655 адам жұмыспен қамтылған «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында:- екінші деңгейлі банктер арқылы 42 жоба – 395,8 млн.теңгеге қол жеткізді.- қайтарымсыз гранттық қаражаттар үшін өтетін конкурсқа қатысуға ниет білдірген ауданнан 98 жобаның құжаты облыстық кәсіпкерлік басқармасына ұсынылып, 22 жоба 44 млн теңгеге қол жеткізді – инфрақұрылым тарту тетігі бойынша 6 млрд 498,6 млн.тг құрайтын 6 жобаның құжаттары облыстық үйлестіру комиссиясына ұсынылып, оң қорытындысы алынды – «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 3 жоба 76,0 млн теңгемен қамтылған.

Өңірлік «Береке 3» бағдарламасы бойынша 2 жоба мақұлданып 10,0 млн теңге көлеміндегі қаржыға қол жеткізгенБөлім тарапынан өз кәсібін ашу немесе бар бизнесті кеңейту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды тұрақты түрде түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізіліп келеді.Ауданда бүгінгі күнге 525 шағын кәсіпкерлік нысандар халыққа өз қызметтерін көрсетуде. Оның ішінде 419 нысан Жаңатас қаласында орналасса, қалған 106 нысан ауылдық округтерде орналасқан. Сонымен қатар, аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, Жаңатас қаласы мен ауылдық округтердің шикізаттық әлеуетін зерделей отырып қарапайым дайын тауарлардың брендін қалыптастыру мақсатында, округтердің бейімдік зәкірлік жобалары қалыптастырылды. Арнайы іс – шаралар жоспары жасақталып, жүйелі жұмыстар жүзеге асырылатын болады. Нәтижесінде өзімізде бар қарапайым дүниемізді нарыққа шығару көзделген.Аудан бойынша жалпы құны 700 млрд теңгеден асатын 2021-2025 жылдары іске асырылуы жоспарланған 11 ірі маңызды жоба бақылауға алынған. Оның ішінде 2021 жылы 3 жоба іске қосылса 2022 жылы 4 жоба іске асырылады деп күтілуде Төрт жоба ұзақ мерзімді, іске асырылу уақыты 2023-2025 жылдарға көзделген. Бүгінгі күнге, Сарысу ауданы бойынша жалпы 71 нысан «ASHYQ» бағдарламасына тіркелген. Кәсіпкерлер тарапынан соңғы бір жыл ішінде аз қамтылған, көп балалы және әлуметтік осал топқа жататын отбасыларға 13,2 млн.тг көлеміне жуық қайырымдылық көмектер көрсетілген.Жиын барысында аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы А. Ермек аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға тоқталды.

Сонымен қатар, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі Кәсіпкерлік объектілерінде «ASHYQ» жобасын енгізу туралы №33 Қаулысы бойынша, ASHYQ» жобасын енгізу және іске асыруды жалғастыру керек екендігін айтты.«ASHYQ» жобасын енгізбеген әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмыс уақыты 9-00 дан – 20-00ге дейін болса, ASHYQ» жобасына қосылған объектілер 7.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Жиын барасында кәсіпкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.Аудан әкімі М. Сұлтанғалиев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында кәсіпкерліктің алар орны ерекше екенін атап өтіп, осы бағытта одан әрі жұмысты жандандыру керек екендігін айтып жиынды қорытындылады. А. ТілемісовСарысу ауданы

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close