Басты бетЖаңалықтарСпорт

Таразда ұлттық спорт түрлері дамуда

Қазіргі таңда Тараз қаласында ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келуде. Атап айтқанда Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан келесі спорттық іс-шаралар өткізілді:

 Ұлттық спорт түрлерін насихаттау және дамыту мақсатында 2021 жылдың  15 сәуір күні «Тараз Арена» спорт сарайында 18 жастан асқан спортшылар арасында «Қазақстан Барысы» қалалық іріктеу турнирі өткізілді.

19-21 сәуір күндері білім бөлімі және қалалық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында үш жас санаты бойынша – 10 жастан 14 жасқа дейінгі балалар; 14 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар; және 18 жастан жоғары 5 спорттық ойын түрлерінен (қалашықтар, лянгі, асық ату, ортадағы доп, секіртпе) аула ойындары спорттық фестивалінің қалалық іріктеу кезеңі өткізілді. Жалпы аталған жарысқа 850-ден астам адам қатысты.

2021 жылдың 26 ақпанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне арналған ұлттық және халықтық спорт түрлері бойынша облыстық фестивальде спорттың 7 түрінен (қазақ күресі, садақ ату, тоғызқұмалақ, асық ату, армрестлинг, гір көтеру және арқан тарту) Тараз қаласы командасы жалпыкомандалық 1 орынға ие болды.

26 наурыз күні №3 мектеп-лицейде 18 жасқа дейінгі жастар арасында тоғызқұмалақ қалалық турнир өткізілді.

Жыл басынан бастап бөлімге қарасты 27 спорттық алаңшаларында ұлттық спорт түрлірінен бөлім әдіскерлері тарапынан жүйелі түрде іс-шаралар өткізілуде.

Сонымен қатар ағымдағы жылы ұлттық спорт түрлерінен жастар арасында үш жас топтарында «Жас Барыс» облыстық турниріне қалалық іріктеу жарысы, балалар, жастар және ересектер арасында «алаңдағы тоғызқұмалақ», асық ату, «Ордабасы» ұлттық командалық ойынынан қалалық жарыстар өткізу жоспарлануда.

Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Оксана Борисюк.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close