Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Қазақстандықтар ұлттық санаққа алғаш рет онлайн қатыса алады

2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтеді. Санақ «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!» ұраны аясында ұйымдастырылады.

2021 жылғы Ұлттық санақтың басты жаңалығы заманауи сандық технологияларды енгізу және үдерісті автоматтандыру болып табылады.
Ұлттық халық санағын 2021 жылғы 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта арнайы sanaq.gov.kz. сайтында онлайн режимінде респонденттердің өздерінің толтыруы арқылы жүргізу жоспарлануда.
Жүйе тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады. Респондент санаққа қатысу үшін өзіне ыңғайлы кез-келген уақытты таңдай алады, сондай-ақ сайтта бланкты толтыруды тоқтату және оны толтыруды кейін қайта жалғастыру мүмкіндігі болады.
Дәстүрлі жалпы аралау 1-30 қазан аралығында жүргізіледі және ол белгіленген мерзім ішінде санақтан онлайн-режимде өтпеген респонденттер арасында жүргізілетін болады. Дәстүрлі кезеңнің жаңашылдығы интервьюерлердің үй аралау кезінде электронды планшеттерді пайдалануы болмақ. Бұл санақ жүргізетін қызметкерлердің еңбек шығынын төмендетуге, мәліметтер сапасына адам факторының ықпалын азайтуға, ЖСН-ін енгізе отырып, санақ мәліметтерінің нақты деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңселік құралдарды айтарлықтай үнемдеуге, сондай-ақ, деректерді жинау кезінде интервьюерлер үшін қолайлылық пен олардың жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.
Санақ кезінде мәліметтер жинау үшін сәйкестендіргіш ақпарат ретінде сауалнамаға қатысушының ЖСН-і қолданылады. Бұл ақпараттың қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді.
Санақ кезінде қазақстандықтардан не туралы сұрайды.
2021 жылдың ұлттық санағын жүргізу кезінде Қазақстан азаматтарына барлығы 87 сұрақ қойылады. Санақ парақтарындағы сұрақтар тізбесі айтарлықтай ұлғайтылған. Мұнда барлығы 67 сұрақ және оған қосымша 20 нақтылаушы сұрақтар кірістірілген. Сұрақтардың аясын кеңейтуге Еуропалық статистиктердің 2020 жылғы тұрғын үй қорын және тұрғындар санағын жүргізу жөніндегі ұсыныстары мен ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитеттің әдістемелік материалдары негіз болды.
Сауалнама 73 сұрақ аясында жүргізілген 2009 жылдың ұлттық санағынан ерекшелігі, 2021 жылдың санағында көші-қон, еңбекпен қамту, неке жағдайы, бала туу және тіл білуі бойынша сұрақтар аясы кеңейтілген. Сондай-ақ, БҰҰ-ның мүгедектік статистикасы жөніндегі Вашингтон тобымен ұсынылған жаңа сұрақтар қосылды, мұнда мүгедектік критерийлерін ескеріп, денсаулық сақтау статистикасы аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ету көзделген.
Ұлттық санақ кезінде арнайы call-орталық жұмыс жасайды
2021 жылдың Ұлттық санағы кезінде «1446» бірыңғай call-орталығы жұмыс жасайды. «1446» – елдің барлық аумағындағы мобильді және стационар телефондар үшін бірыңғай нөмір болады. Сондай-ақ, 8 8000 800 878 нөмірі жұмыс жасайды. Сall-орталыққа қоңырау шалу тегін.
Респондент call-орталыққа 1446 нөмірі бойынша қоңырау шалған кезде, кейбір белгіленген сұрақтар бойынша аймақтардағы және Бюроның Орталық аппараттағы сәйкес телефон нөмірлеріне автоматты түрде қосылады.
Сонымен қатар, респонденттер кез-келген арыз-сауалмен немесе кеңес алу үшін Бюроның stat.gov.kz интернет-ресурсы, Бюро басшысының блогы, сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы жүгіне алады.

Жанат Устабаева, Тараз қаласының статистика басқармасының басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close