Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы «Шаңырақ» 5-10-20 бағдарламасының орындалу барысы туралы

Тұрғын-үй коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы 362 гектар жерде шамамен 8500 отбасына арналған 190 көпқабатты үйлерді құрайтын 15-мөлтек ауданы бой көтеруде. Бүгінде алқаптың байланыс, кәріз, су және газ құбырлары желілерінің құрылыстары аяқталып, электрмен қамту, ішкі кварталдық көлік жолының және жылу желілерінің құрылысы іске асырылуда.

2020 жылдың 17 тамыздан бастап Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты «Шаңырақ» (5-10-20) пилоттық жобасын іске қосты. Бағдарламаға 1986 жылдан 2021 жылға дейінгі аралықта жергілікті атқарушы органдарда баспанаға мұқтаж адам ретінде үй кезегінде тұрған азаматтар өтініш бере алады. Бүгінгі күнге «Шаңырақ» (5-10-20) бағдарламасы аясында 80 және 45 пәтерлі 8 үйден – 411 отбасы баспаналы болып отыр.

Қазіргі таңда  алқапта  48 тұрғын үй немесе 3325 пәтер халық игілігіне берілуде. Оның ішінде, 39 ипотекалық тұрғын үй және 9 коммуналдық арендалық үй.

Бүгінгі күнге, 9 арендалық үй мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезек тізімінде тіркелген азаматтарға берілді.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында аталған аймақтағы 80 және 60 пәтерлі көп қабатты 31 ипотекалық тұрғын үйден бүгінгі күнге 1603 пәтерге сатып-алу келісім шарты жасалды.

Сонымен қатар, 7-20-25 мемлекеттік бағдарлама аясында екінші деңгейлі банктер арқылы 341 пәтер рәсімделді.  Пәтерлер 2019-2020 жылдары пайдалануға берілген, шаршы метрі 116000-140000 тг құрап отыр. 

Ғазиз Ералиев, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close