Басты бетЖаңалықтарКәсіпкерлік және өнеркәсіпҚоғам

Таразда агроөнеркәсіпті дамыту басты назарда

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы

Ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін және өнімділігін арттыру мақсатында «Рамазан» ШҚ-ы 1,07 га жерге жылыжай салу үшін өз қаражаты есебінен 30 млн. теңге және Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясы (ӘКК) арқылы 30 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек ала отырып, тамшылатып суару технологиясын енгізген. Аталмыш ШҚ басшысы 5 адамды тұрақты және 8 адамды маусымды жұмыспен қамтуда.

          Сондай-ақ, Тараз қаласында құрама жем өңдеп шығаратын «GOOD LOOK» зауыты бар. Аталмыш зауыттың жалпы құны 1 млрд. 126,9 млн. теңге. Жылдық қуаттылығы – 36 мың тонна. Ашылған жұмыс орындарының саны – 237.

Бүгінгі күні, «GOOD LOOK» ЖШС-і өнім өндіру қуаттылығын 11%-ға арттырып, 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында 2570 тонна өнім өндірді.

Сүт өнімдерін өңдеуші «Көкжиек-2030» ЖШС-і жаңа үлгідегі Итальяндық цехын іске қосты. Қазіргі таңда өнім көлемін 3650 тоннаға немесе 15%-ға арттырып, 1 млрд. 350 млн. теңгеге өнім өндіруде. Қосымша 30 жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, Тараз қаласында тіркелген ЖК «Империя» ағымдағы жылдың мамыр айында 800 млн. теңге көлемінде инвестиция тарта отырып, қуаттылығы 2 мың тоннаны құрайтын балмұздақ цехын іске қосты. Мамыр-маусым айларында 18 тонна көлемінде балмұздақ өнімін өндірді.

«Империя» ЖК Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеу мақсатында «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен бірлескен қызмет туралы шарт жасасып, бүгінгі таңда әлеуметтік дүңгіршектер салып халыққа арзандатылған бағамен азық-түлік тауарларын ұсынуда.

2021 жылы «GOOD LOOK» ЖШС-і 1,1 млрд теңгеге инвестиция тарта отырып, Чехия мемлекетінен «Семелтау» тұқымдас етті және сүтті бағытта мүйізді ірі қара мал әкелуді жоспарлап отыр. Жоспарға сәйкес, жылына 5,5 мың тонна сүт, 300 мың тонна ет өндеуді көздеуде. Осы жобаны іске асыру үшін Жамбыл ауданынан 38 га жер бөлінді.  

2021 жылдың тамыз айында Жамбыл аудынында тіркелген «Алтын бұлақ» шаруа қожалығы Тараз қаласының аумағынан «Тараз» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясы» АҚ-ы арқылы 18 га жер телімін алып өз қаражаты есебінен 30 млн. теңге инвестиция тарта отырып балық шаруашылығын ашуды жоспарлауда. Шаруа қожалық басшысы шаруашылықта амур, сазан, дөңмаңдай (толстолоб) атты балық түрлерін өсіруді жоспарлап отыр.

Алдағы уақытта агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасын табады.

Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Дархан Егеубаев.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close