Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғамӘлеумет

Сарысу ауданында 71 нысан «Ашық» бағдарламасына тіркелген

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында санитарлық сақтық шараларды сақтай отырып, аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің төрағалығымен аудандағы шағын және орта бизнестің даму барысы туралы жиын болып өтті.

Жиынға аудан әкімдігінің бөлім басшылары, жеке кәсіпкерлер, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.Басқосуда аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Айдана Ермек аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық ақуалға тоқтала келе, қазіргі жағдайды баяндады.Бөлім басшысының айтуынша ауданда үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін коронавирустық инфекцияның 59, коронавирустық пневмонияның 317 жағдайы тіркеліп, қазіргі таңда 71 азамат есепте тұрғандығын, аудандық инфекциялық бөлімде 60 адам ем қабылдап жатқандығын, ауданымызда эпиде-миологиялық жағдай тұрақсыз болып отырғандығын айтып өтті. Сонымен қатар, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі №32 Қаулысына сай, Халыққа тікелей қызмет көрсететін жұмыскерлерді, оның ішінде тұрақты медициналық көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде коронавирустық инфекциямен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, корона-вирустық инфекцияға қарсы екпені 10 тамызға дейін 1 компонент, 1 қыркүйекке дейін 2 компонентін салдыруын қамтамасыз етуіміз қажет. Екпе алмаған адамдар аптасына 1 рет ПТР тест тапсырып отыруы тиіс. ПТР тест нәтижесі жоқ болса және екпе алмаған жұмыскерлер оффлайн режимде жұмысын атқарады.«ASHYQ» жобасын енгізбеген әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмыс уақыты 9.00-дан – 20.00-ге дейін болса, ASHYQ» жобасына қосылған объектілер 7.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілгендігін де айтты.

Мұнан соң сөз кезегін алған аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Бейсен Шалабаев «Шағын және орта бизнесті дамыту және аудандағы кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысы туралы» баяндама жасады. Ол өз баяндамасында 2021 жылдың 1-ші тоқсан қорытындысымен, аудандағы шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыспен қамтылған азаматтар жайлы және тиімді бағдарламалар, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында алып барылған жұмыстар жайлы және кәсіпкерлер тарапынан соңғы бір жыл ішінде аз қамтылған, көпбалалы және әлеуметтік осал топқа жататын отбасыларға қайырымдылық көмектер көрсетілгендігі жөнінде толық мәлімет беріп өтті. Сондай-ақ, қазіргі таңда кәсіпкерлік нысандарының пандемия уақытында жұмыстарына біршама тосқауылдар қойылып отырғанын, «Ковид-19» індетінің өршуіне байланысты, «Ашық» бағдарламасы іске асырылғандығы жөнінде де айтып өтті.-Барлықтарыңызға мәлім, бұл, вирустың таралуының алдын алудың негізгі шараларының бірі. Бүгінгі күнге, аудан бойынша жалпы 71 нысан «Ашық» бағдарламасына тіркелген. Оның ішінде, 23-і мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелер болса, 48-і кәсіпкерлік нысандар. Осы орайда, барлық кәсіпкерлік субъектілеріне «Ашық» бағдар-ламасына тіркеліп, жұмыс атқаруларыңыз қажет екендігін атап өтемін,-деді бөлім басшысы.Басқосуға қатысушылар көкей-лерінде жүрген сұрақтарын қойып, оған тиісті жауаптар қайтарылды.Жиынды қорытындылаған аудан басшысы карантин уақытында барлық сақтық шараларын күшейтуді тапсырды.

Камели Сүлейменова.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close