Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Құрылыс – қала көркі

Тамыздың екінші жексенбісі – құрылысшылар күні. Құрылыс саласы қай уақытта да құрметті және абыройлы саланың бірі. Мекемеміздің негізгі функционалдық міндеттері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Сәулет, Қала құрылысы және құрылыс қызметі» Заңының аясында сәулет-құрылыс саясатын аудан көлемінде жүргізу.

Құрылыс нысандары қала және аудан елді мекендерінің бас жоспарлары негізінде іске асырылатындықтан, бүгінгі таңда аудан көлеміндегі барлық елді мекендердің Бас жоспар және оңайлатылған сызбалармен толығымен қамтылған.

2021 жылдың құрылыс жұмыстары бойынша, аудан көлемінде 73 нысанда құрылыс, қайта жаңғырту, күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүруде, Оның ішінде бүгінгі күнге 35 нысанда құрылыс жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар көріктендіру жұмыстары да атқарылуда, бұл жұмыстарға 550-ден аса еңбеккерлер жұмылдырылған.

Жаңатас қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылға бюджеттен бөлінген қаржыларға сәйкес «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Жаңатас қаласындағы 1-шағынаудан №41 (140 пәтер), 47 (120 пәтер) көпқабатты тұрғын үйлер және 4-шағынаудан №15А (56 пәтер) тұрғын — үй қайта жаңғыртылуда. Сондай-ақ облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан Сарысу ауданындағы 14 елді мекендерін (Қызылдихан, Маятас, Жайылма, Өндіріс, Саудакент, Игілік, Жаңаталап, Ұйым, Ұ.Сыздықбаев, Ақтоғай, Жаңатас, Үшбас, Ә.Бүркітбаев, Арыстанды) газ құбырларын салу мен газдандыру жұмыстары, «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-ның химиялық кешеніне дейін жоғары қысымды газ құбырының құрылыс жұмыстары атқарылуда.

Жамбыл облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Қаратау-Жаңатас-Саудакент облыстық мәндегі жолды орта жөндеу және Ақкөл-Саудакент бағытындағы жолды орта жөндеуден өткізуде. Мәдениет саласы бойынша Саудакент ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүруде. Спорт, білім саласы бойынша қала және ауылдық огругтерде балалардың өмір сүру қабілетін жақсарту, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында спорт алаңшаларын орнату (кіші футбол алаңы, балалар-ойын алаңы, стритворкаут алаңы) жұмыстары да атқарылуда. Бұл жұмыстар бұнымен аяқталмайтынын айта кету қажет.

Алдағы жылға Жаңаталап ауылындағы Жаңаталап орта мектебіне спорт зал құрылысын салу, Тоғызкент ауылындағы спорт кешенінің құрылысы, Маятас ауылындағы 50 орындыққа арналған жаңа мектеп құрылысы, Жаңаталап орта мектебіне жапсарлас асхана және мәжіліс залы құрылысын салу жұмыс жобалары әзірленіп, тиісті облыс әкімдігінің басқармаларына ұсынылды. Биылғы жылы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен аудандарда «Асарлатып үй салу» жобасы қолға алынған болатын. Осы аталмыш жоба аясында 2021 жылы әлеуметтік осал топқа жататын отбасыларға «Асарлатып үй салу» тәсілімен ауыл тұрғындарының және демеушілер есебінен 5 жаңа жеке тұрғынүйлердің құрылысы (Жаңатас, Саудакент, Ақтоғай, Жайылма, Ұйым) және 4 күрделі жөндеу (Досбол, Тоғызкент, Игілік, Ә.Бүркітбаев) жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес аталмыш жеке тұрғын үйлер ағымдағы жылдың ІІІ- ІV тоқсанында пайдалануға тапсырылады.

Бүгінгі күнге Тоғызкент ауылындағы үйдің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, шілде айының 21 күні пайдалануға берілді.Сонымен қатар, аудан әкімі Марат Қырғызәліұлының қолдауымен алдағы жылдарға 2-шағынаудан №32 көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту және 60 пәтерлі жаңадан соғылатын көпқабатты тұрғын үйге жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.Елді мекендермен қоса Жаңатас қаласында дамыту жұмыстары айтарлықтай атқарылуда.Қала және ауылдық округтердегі ішкі көшелеріне шамдар орнату, абаттандыру, автомобиль жолдарын орта жөндеуден өткізу әр жыл сайын атқарылып келеді.

Жоғарыда айтылған жұмыстардың жүруіне жобалаушылар, техникалық бақылаушылар, сарапшылар құрылыс бағыты бойынша ауданымыздың бағдарлама әкімшілері қызмет атқаруда, яғни ауданымыздың құрылыс саласының дамуына үлестерін қосып келеді.

Елімізде, жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісі «Құрылысшылар күні» мерекесі болып аталып өтіледі.Осы мереке қарсаңында құрылыс саласының ардагерлерін, еңбек майданында жүрген құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймын.Еліміздің, ауданымыздың көркейіп, өсуіне атқарып жатқан еңбектеріңізге табыс, жанұяларыңызға құт-береке, баянды бақыт, денсаулықтарыңызға саулық, өнегелі өмір тілеймін.

Дәуренбек Шалбаев, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close