Басты бетЖаңалықтарЭкономикаҚоғамӘлеумет

Аудан әкімі ауылдарды аралауда

Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов өзінің жұмыс алгоритміне сәйкес Тереңөзек ауылдық округіндегі «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-ның егіс даласының жұмыстарымен танысып, егістіктегі өнім көлемін көріп қайтты.

Бүгінде шаруа қожалығының егістік алқабына 6215га күздік бидай, 2058 жаздық арпа, оның ішінде 350га жаздық бидай егілген. Аталған шаруа қожалығында қазіргі уақытта күздік бидай жиналуда. Шаруашылық иесімен жерді тиімді пайдалану бағытында әңгіме өрбіді. Осы мақсатында орымнан кейінгі сабан шөпті қысқы мал азығы ретінде пай үлескерлеріне таратып беруде.

«Жаздың әр күні қысқа азық» демекші, төрт түлікті қаһарлы қыстан түгел алып шығу үшін жаздың әрбір күнін тиімді пайдалану қажет. Себебі, бұл – мал шаруашылығымен күн көретін ауыл тұрғындары үшін ең жауапты кезең. Сол себептен де, күннің ыстығына қарамай шаруалар шөптің басында.

Жуырда аудан басшысы, сондай-ақ, Абай, Қарақыстақ және Жаңатұрмыс ауылдық округтеріндегі шабындықтарына барып, қысқы мал азығын дайындап жатқан шаруашылықтардың жай-күйімен танысып, ұсыныстарын тыңдады.

Биыл аудан бойынша шабындық жердің көлемі 32 143 га қамтып отыр. Оның 12550 гектары көпжылдық шөпті құраса, 19 593 га табиғи шөп. Ал аудан бойынша 275 мың тонна шөп, 20 мың тонна сабан, 68 мың тонна құнарлы жем дайындайды деп жоспарлануда. Қазір оның жартысынан көбі жинақталған.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close