Басты бетЖаңалықтарСпорт

Сарысулық спортшылар марапатталды

Президентіміз Қасым-Жомар Тоқаев өзінің Жолдауына «Өскелең ұрпақтың спорттық әлеуетіне аса назар аудару қажет. Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет» – деп, нақты бағытты атап көрсеткен.

Сондықтан елімізде, біздің ауданымызда да бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп, спорт ғимараттарының жүйесі кеңейе түсуде. Мектептер мен спорт үйірмелерінде дене шынықтырумен шұғылданушылар саны көбейіп келеді. Ауданда дене шынықтыру мен спорт деңгейі жақсаруда.

Оның материалдық-техникалық базасы нығайтылып, бірқатар жұмыстар атқарылуда. Спортшылардың шеберлігі мен кәсіби деңгейін жоғарылату мақсатында аудан спортшылары республикалық, облыстық біріншіліктерге тұрақты қатысуда.

Сондықтан да бұқаралық спорт әрбір адамның өміріне етене серік еткен сала мамандары төл мереке қарсаңында марапатталды.

Оларды аудан әкімінің орынбасары Нұржан Нұралиев пен аудандық мәслихат хатшысы Асанбай Сейналиев құттықтап, аудан әкімінің және мәслихаттың Құрмет громата мен Алғыс хаттарын табыс етті.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close