Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Т.Рысқұлов ауданында рейд жүргізілді

Аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаевтың жетекшілігімен аудандық мониторингтік топ аудан аумағында карантиндік шектеу талаптарының сақталуын әрі орындалуын қадағалау мақсатында өз жұмысын күшейтілген түрде жалғастыруда.

Бүгін аудандық мониторингтік топ “Тау-Қымыз” демалыс орнын зерделеп, Жамбыл облысының Бас санитарлық дәрігерінің №9 қаулысын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қаулыға сәйкес демалыс орындары, оның ішінде бассейндердің жұмыс істеуіне сенбі, жексенбі күндері тыйым салынған.

Рейд барысында ешқандай құқық бұзушылық фактілері орын алған жоқ.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close