Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жұмыстың сапалы әрі уақытылы аяқталуы – тұрақты бақылауда

Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садыорқұлов жұмыс жоспарына сәйкес Құмарық ауылындағы су жүйесінің және су шығару ғимаратының құрылысымен танысты.

Мердігер компания өкілдерімен кездесіп, бірқатар проблемаларды талқылап, пікір алмасты. Құрылыс жұмыстары 2020-2021 жылдар аралығына жоспарланған. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң Құмарық, Қаракемер және Алғабас ауылдары сапалы ауыз сумен қамтылып, әлеуметтік экономикалық және санитарлық гигиеналық жағдайы жақсарады. Жұмыстың сапалы әрі уақытылы аяқталуы тұрақты бақылауда.

Сонымен қатар, жұмыс алгоритіміне сәйкес аудан орталығында орналасқан Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Мердігер компания өкілдерімен кездесіп, жүргізіліп жатқан жұмыстың сапалы аяқталуы қажет екендігін айтты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close