Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Шудан «Таразға тарту»

Облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен қолға алынған «Таразға тарту» жобасы аясында аудандар мен басқармалар шаһарға тарту-таралғыларын табыс етуде.

Жобаға үн қосқан шулықтардың да Тараз қаласында қолының ізі қалды.

Шулық демеушілердің есебінен Тараз қаласындағы «Алатау» ықшам ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшалары мен спорттық алаңшалар орнатылды.

Бұрын бос жатқан орындарға стрит воркаут, баскетбол, футбол алаңшалары мен сәнді сәкілер, қоқыс жәшіктері мен жарықшамдар, көлік тұрақтайтын орындар мен жаяу жүргіншілер жолы да салынған.

Бүгін аталған орынға арнайы келген облыс басшысы ауданымыздың тартуына оң бағасын беріп, кейінгі ұрпақтың игілігіне жасалған жұмыстарды күтіп ұстау керектігін ескертті.

Қала тұрғындары да бұл игілікке риза, алғыстарын жаудырып жатыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close