Басты бетСаясат

Білімді ұрпақ – ел болашағы, бәсекеге қабілетті, зияткер ұлт болудың негізі

Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы

              «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте  оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп Елбасымыз айтқандай, мәңгілік ел болашағы – білімді ұрпақ, саналы жастар. Сондықтан да мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері білімнің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқытуға бағытталған.        Бағдарламада айқындалған міндеттерді орындау, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. 

         2020 жылы жеті білім нысанының құрылысы басталып, оның ішінде Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның 300 орынды жапсарлас ғимараты мен №4 орта мектептің 180 орынды жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылы №2 орта мектептің 318 орынды, №22 орта мектептің 600 орынды, №16 орта мектептің 348 орынды жаңа ғимараттары мен Шалғай Қарасу алқабында 600 орынды жаңа мектеп құрылысы аяқталатын болады. Құрылыс жұмыстарының есебінен үш ауысымды оқыту мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табады.  

Жыл сайын мектептердің материалдық-техникалық жағдайы нығайтылып, инфрақұрылымы жаңартылуда.

Бүгінгі күні мектептердің 37% химия, 40,7% физика және биология, 65,2% лингафонды-мультимедиалық кабинеттермен қамтамасыз етілген. 2020 жылы мектептердегі компьютер техникасы  6293 данаға жаңартылды.

Білім мекемелерінің барлығы бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген.

«Қауіпсіз мектеп» жобасы аясында 14 мектепте турникеттер орнатылған. Бұл барлық мектептердің 23,3% құрайды. 2021 жылы осы мақсатта 7 білім мекемесіне 56 448,0 мың теңге қарастырылып отыр.

Бағдарламада мүмкіндігі шектеулі балаларға қолжетімді білім беру жағдайларын қамтамасыз ету қарастырылған.

Инклюзивті білім беру үшін мекемелер пандус, тактильді жол, арнайы әжетхана және кең есіктермен қамтылды. Лифт қондырғысы 1 мектепте орнатылған. Жыл соңына дейін аталған көрсеткіш құрылыс есебінен пайдалануға берілетін мектептер есебінен 5-ке жеткізілетін болады. 

Тараз қаласы бойынша 3269 мүмкіндігі шектеулі бала есепке алынған. Оның 2679-ы (81,9%) оқу және тәрбиемен қамтылған.

  Мектептерде 6692 педагог жұмыс атқарса, оның 3136-сы (47%) ерекше білім беруді қажет ететін балаларға білім береді. Соңғы 3 жылда 1332 педагог арнайы біліктілік арттыру курстарынан өткен.

10 мектепте 15 дефектолог, 6 мектепте 8 логопед арнайы мамандар қарастырылған.

 «Болашақ» және «Қамқорлық» қорларының қолдауымен қалада 3 мектепте инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері ашылған (№9,32,35 ОМ). Кабинеттер дефектолог, логопед, психолог мамандарымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар әр баланы сүйемелдеу үшін педагог-ассистенттер  қарастырылған.

          Үздіксіз білім берудің баспалдағы, мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің нысаны – балабақша. Келер күннің азаматын заман талабына сай тәрбиелеуде мектепке дейінгі білім мекемелерінің рөлі зор. 

         Бағдарламада мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған              1-6 жастағы балалардың үлесін кезең-кезеңімен арттыра отырып, 2025 жылға дейін 100 пайызға жеткізу  көзделген.

Бүгінгі күні мектепке дейінгі білім мекемелерінде 19797 бала тәрбиеленіп, қамтылу көрсеткіші 1-6 жас аралығында – 83%, 3-6 жас аралығында  100% құрап отыр. 1-6 жас аралығындағы балаларды толық мектепке дейінгі тәрбиемен қамту бағытында жұмыстар жүргізілуде.

58 орта мектептің 5-10 сынып оқушыларының 71%-ы «Жас қыран», 1-4 сынып оқушыларының 68%-ы «Жас ұлан» қозғалысының мүшелері. Рухани-адамгершілік және көшбасшылық қасиеттері бар патриот қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарында кең ауқымда іс-шаралар ұйымдастырылды. Оқушылардың азаматтығы мен отаншылдығын қалыптастыру бағытында қалалық 126  іс-шара  өткізілді.

Мектептен тыс ұйымдарда және жалпы білім беретін мектептер жанындағы спорт секцияларымен қамтылған білім алушылардың үлесі 43,8% құрап, оның ішінде 857 бала қаладағы 8 спорт мектептердегі секцияларға, 31503 бала мектепішілік спорттық секцияларға қатысады.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Тараз қаласының білім бөлімінің басшысы

Саясат Есеев.

Тақырып бойынша мақалалар

Тексеру

Close
Close
Close