Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Екпе қабылдау – екінші реттегі мәселе болмауы тиіс

Қадірлі жерлестер!

Ақпарат көздерінен біліп отырсыздар, індет індеп, күн санап күшейіп келеді.

Жақындарынан көз жазып, көңіл айтысып жатқан адамдардың да қатары көбейіп барады.

Жұқпалы дертке шалдыққандардың басым бөлігі санитарлық талаптарға бағынғысы келмегендер мен екпе қабылдамағандардың есебінде тіркелгендер.

Екпені ел алдында жүрген азаматтарымыз да қабылдап, пікірлерімен бөлісіп келеді. Өзімнен бастап отбасым да екпе қабылдады.Санитарлық талаптарды сақтай отырып, екпе егу жұмыстарын қарқынды жалғастыруымыз қажет. Бұл қауіпті індеттен қорғанудың бірден-бір жолы.

Ауданымызда коронавирус індетін емдеу және оқшаулау шараларын ұйымдастыру мақсатында жалпы 180 төсек қоры әзірленген.​ Емдеу мекемелерінің дәрілік қорлары да жеткілікті. Десе де емхананың есігін қақпаудың амалы екпе алу екендігін естен шығармайықшы, жерлестер!Ауданымызда екпе егу сенбі, жексенбі күндері де, таңғы сағат сегізден кешкі сегізге дейін жүргізіледі.

Шалғай ауылдар үшін вакцинациялауға арналған 4 жылжымалы көліктер жұмыс жасайды. Онымен қоса індетке байланысты 11 мобильді топ құрылған. Екпе қабылдау – екінші реттегі мәселе болмауы тиіс.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close