Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Т.Рысқұлов ауданының әкімі әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады

Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов 20 тамызда бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады.

Аудан басшысы бұл күні жұмыс жоспарына сәйкес Луговой ауылында орналасқан М.Горький атындағы шағын орталықты орта мектебінің жылыту қазандығының қатты отыннан газға ауыстыру жұмыстарының барысымен танысты. Мердігер компания өкілімен кездесіп, пікір алмасты. Аталған білім ошағындағы құрылыс жұмыстары жылу беру маусымы басталғанға дейін, яғни қыркүйек айының аяғына дейін аяқталады деп жоспарланған. Жұмыстың тиянақты әрі уақытылы аяқталуы тұрақты жоспарда.

Сондай-ақ, аудан әкімі Құлан ауылының батыс кіреберісіне салынып жатқан арканың құрылыс жұмысымен танысты. Мердігер компания өкілімен кездесіп, аталған нысанда жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын талқылап, пікір алмасты.

Жұмыс жоспарына сәйкес Құлан ауылындағы су іркуіш ғимаратын қайта жаңғырту жұмысын да көріп қайтты. 2020 жылы басталған нысанды реконструкциялау жұмыстары биыл аяқталуы қажет. Жұмыстың сапалы әрі уақытылы аяқталуы тұрақты бақылауда.

Сонымен қатар, бұл күні аудан басшысы аудан орталығындағы бірнеше құрылыс нысандарына арнайы барды. Құлан ауылындағы «Жеңіс» саябағын көркейту жұмыстарын көріп, ондағы спортпен айналысатын алаң мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салу көзделгенін, жарық шамдар орнату мен тротуардың сапалы жасалуына, әрі саябақ аумағын абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалмай, жоспарға сәйкес ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып жатқанын көрді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close