Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Пандемиямен күрестің негізгі жолы – екпе қабылдау мен санитарлық талаптарды сақтау

Бүгін аудан әкімі Нұржан Календеров құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Ауданымыздағы эпидемиологиялық ахуал баяндалған отырыста соңғы көрсеткіштер мәлім етілді. Одан белгілі болғандай, аудан аумағында құрылған 5 арнайы топпен жыл басынан бері 229 рейд ұйымдастырылып, 96 заң бұзушылық анықталды. 96 тұлғаға 6 млн 534 мың 080 теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұдан бөлек жұқпалы індетті емдеу және оқшаулау шараларын ұйымдастыру мақсатында әзірленген 180 төсек қорының 78 пайызы бос емес. Аудан әкімі өз сөзінде елдегі эпидемиологиялық ахуалды біле тұра, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында тынымсыз жүргізіліп келе жатқан тексерулерді елемегендерге жаза, жауапты басшыларға шара қолданылатындығын ескертті.

Сонымен қатар, эпидемиологиялық жағдайдың қаншалықты күрделі екенін біле тұра, жиын-той өткізуді тоқтату керек. Тойға жан-жақтан тамыр-таныс жиналады. Бұған тосқауыл қойылмаса, қалған тірліктің бәрі бекер. Біз барынша қатаң, барынша түсіндіріп те айтып жатырмыз. Тыйым да салдық. Соған қарамастан әлі де қарапайым сақтық нормаларын елемей отырмыз. Жоғарыда айтылған қорқынышты көрсеткіштер тәртіпке бағынбағанның салдары. Ендігі кезекте мобильді топтардың жұмысын күшейтіп, ауданымыздағы әр тойхананың алдына бір бақылаушыдан қою керектігін тапсырды. Қадірлі жерлестер! Пандемиямен күрестің негізгі жолы – екпе қабылдау мен санитарлық талаптарды сақтау!

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close