Ауыл шаруашылығыБасты бетЖаңалықтарҚоғам

Шу ауданының әкімі пияз алқабын аралады

Жамбыл облысындағы 22 мың гектар пияздың 13 300 гектары Шу ауданында өсіріледі екен. Бұл жиын-терім науқаны басталғанда ауданымызда қызыл алқап қаптай бастайды дегенді білдіреді.

Бүгін аудан әкімі Нұржан Календеров Белбасар ауылындағы шаруа қожалықтарының пияз алқабын аралады.

Тамшылатып суару арқылы мол өнім алуды көздеген шаруаның бірі – Рашид Юлин. Ол мұнда Қордай ауданынан келіп диханшылықпен айналысып жүр екен. 34 гектар алқаптың 5 гектары ерте, қалғаны кеш пісетін сұрып. -Голландиялық тұқымның бұл түрі мол өнім беріп қана қоймай көкөніске келетін ауруларға төтеп береді. Сондай-ақ, пияз біркелкі өсіп, техникамен жинауға да ыңғайлы -деді «Enza Zaden Kazakhstan» серіктестігінің өкілі. Бонус деп аталатын голландиялық бұл сұрыптың түрін шаруалар осы серітестіктен алған. Мұнда барлығы да тамшылатып суару технологиясы арқылы ылғалдандырылып отыр. Бүгінде пияздың ерте пісетін сұрпын жинау қарқынды жүріп жатыр. Жергілікті тұрғындардан құралған жұмысшылар жинаған қабына байланысты 8 мың теңгеге дейін табыс табады. Қазір мұнда әр гектардан 90-100 тонна өнім жиналуда. Техникалар жеткілікті,70-ке жуық адам жұмыспен қамтылған.

Аудан басшысы Нұржан Календеров шаруалардың жұмысын жоғары бағалады.– Биыл өнім жаман емес. Қазіргі жиналған өнімнің келісін 75 теңгеден Ресей еліне жөнелтіп жатырмыз. Жұмысшылардың барлығы жақын маңдағы ауыл тұрғындары. Тиісті жалақыларын еңбектеріне қарай төлеп жатырмыз, – деді диқандар. Мойынқұм ауылындағы «Зам-зам» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Мұнда 40 гектар жерге алманың 36 түрі, жүзімнің 30 түрі өсіріледі.

Сонымен қатар қожалықта алхоры, шабдалы жемістерінің италияндық, франциялық сорттары да бар. Бағбан жинаған өнімдерін аудан орталығындағы дүкендерге нарық бағасынан төмен бағада өткізеді екен. Қазіргі кезде бағбан өзінің отбасымен бірге 15 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Жиын-терім басталған уақытта жұмысшылар саны тіптен арта түседі,-дейді қожалық иесі Мирислам Аллахмиранов. «Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді» дегендей, еңбектің түбі әрқашан береке болатынын бағбанымыз дәлелдегендей. Жалпы Шу ауданында кәсіппен айналысам деушілерге мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау көрсетілуде. Бұл бірінші кезекте тәуелсіздігіміздің жемісі

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close